
«Адалдық адамдықтың белгісі» тақырыбында адалдық сағаты өтті.
“Адалдық” деген сөз шыншылдық, айнымастық, шын берілгендік сияқты игі қасиеттерді еске салады. Қазақ пайымында адам бойында адалдық – пәктік, ар – ұждан, жан тазалығы. Адал дос дегеніміз – өтірік айтпайтын, шындықты жақтайтын, досын ешқашанда ұятқа қалдырмайтын, барлық уақытта қандай жағдай болмасын қол ұшын беріп көқмектесетін, қашан да қасынан табылатын, барын бөлісетін нағыз жолдас.Тәрбие сағатының мақсаты: оқушыларға адалдық, шындық туралы түсінік беру, бойына рухани адамгершілік қасиеттерді ұялату үшін мейірбан, ақылды, шыншыл, қайырымды т. б адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал ету. Бірін – бірі сыйлап, мейіріммен қарауға тәрбиелеу. Осы орайда, 5 «В» сыныбының жетекшісі Н.Серікбаеваның ұйымдастыруымен «Адалдық адамдықтың белгісі» тақырыбында тәрбие сағатын өтті.Оқушыларға адалдық туралы түсінікті бере отырып, арнайы видеоролик көрсетіліп, өмірде адалдық артық қасиет жоқ екенін ұғындыра білді.Сабақтың тақырыбын ашу үшін «Ойланайық, пікірлесейік» атты айдармен берілген Адалдықтың адами қарым-қатынастағы маңызы қандай?, Өзіңе –өзің адал болу деген не?, Өзін-өзі алдау деген не?, Адал болуға ұмтылу неге керек? деген секілді сұрақтар төңірегінде өзара пікірлесіп ой бөлісті.«Адалдық – адамдықтың белгісі» демекші осы өмірде адал болып, тек адалдық істер істеп адамдығымызды көрсетіп, кейінгіге үлгі болып жүрейік.