
Мектебімізде «Ана тілім-ардағым» атты іс-шарасы өткізілді.
Мақсаты: Жас ұрпақты ана тілінің қадір-қасиетін түсіне білуге шақыру. Ана тілін сүюге, ана тілін ардақтай білуге тәрбиелеу.
5 қыркүйек – Қазақстан халықтарының тілдері күні мерекесі. Бұған дейін 1998 жылдың 20 қаңтарынан бастап, 22 қыркүйекте атап өтілетін мереке, 2017 жылғы үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев «Қазақстан Республикасында мереке күндер тізбесін бекіту туралы» қаулысымен 5 қыркүйекке ауыстырылды. Атаулы датаның өзгеру себебі – «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы – тіл» деген ұлағатты сөз қалдырған, қазақ халқының тағдыры мен тілі үшін күрескен Алаш арысы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні 7 А- сынып оқушылары тіл туралы өлеңдер оқып,әндер айтып,күй тартып белсенділік көрсетті.Соңында «Атамекен» хоры айтылды.