Ауданымызда өткен 14-22 ақпан аралығында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық пәндік олимпиаданың аудандық (ІІ) кезеңі болып өтті.

275568603 1587361588315235 3270110714821095965 N 2dd24b6f

Ө.Жәнібеков атындағы №4 жалпы орта лицей-интернатынан 12 пәннен 32 оқушы қатысып, нәтижесінде 20 оқушы, ІІІ орын 3 оқушы, ІІ орын 5 оқушы марапатталды және облыстық (ІІІ) кезеңге 12 оқушы жолдама алды. Атап айтар болсақ биология пәнінен 9-сынып оқушысы Әсілхан Ақдидар (жетекшісі Абсаттарова Қ), химия пәнінен 9-сынып оқушысы Бортан Алтынай (жетекшісі Бұйрабай М), физика пәнінен 9-сынып оқушысы Қалдыбай Гүлжазира, 11-сынып оқушысы Дүйсенбек Руслан (жетекшісі Пәзілбеков Ғ), математика пәнінен 9-сынып оқушысы Әбдірахман Жаннұр, 11-сынып оқушысы Рысбайқызы Жанна (жетекшісі Мылтықбаева А), география пәнінен 9-сынып оқушысы Бакрамбек Адина (жетекшісі Абишова К), информатика пәнінен 10-сынып оқушысы Бөлегенова Аяулым (жетекшісі Айдарбек Н), қазақ тілі пәнінен 10-сынып оқушысы Қалдыбай Алмажан, 11-сынып оқушысы Өтен Думан (жетекшісі Мамырайымова Ұ), ағылшын тілі пәнінен 10-сынып оқушысы Сағынтайқызы Диана (жетекшісі Мықтыбекова Н), құқық пәнінен Қалаш Нұртөре (жетекшісі Канибекова И) аудандық кезеңнен үздік деп танылды.