БІЗДЕР МАҚТАН ТҰТАМЫЗ!!!

3
БІЗДЕР МАҚТАН ТҰТАМЫЗ!!!
Ертең 28 тамыз «Ұлылар мекені, ойшылдар отаны – Отырардың» тумасы, мемлекет қайраткері, этнограф, тарих ғылымдарының кандидаты Өзбекәлі Жәнібековтің
туғанына – 92 жыл.
Қазақ халқының ұлттық мәдениетінің, ана тілінің, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпының жаңарып, дамуына елеулі үлес қосқан Өзағаның «Қазақтың ұлттық қол өнері», «Жаңғырық», «Уақыт керуені», «Жолайрықта», «Қазақ киімі», «Ежелгі Отырар», «Тағдыр тағылымы» еңбектері жарық көрген.
Жақында ғана шырайлы Шымқаладағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетіне Өзбекәлі Жәнібеков атамыздың аты берілді.
Ал, біздер Өзағаның туған жеріндегі Өзбекәлі Жәнібеков атындағы №4 жалпы орта лицей-интернатында ұстаздық ететінімізді мақтан тұтамыз!!!