«Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және патриотизм» тақырыбындағы салтанатты білім мерекесіне қош келіпсіздер!

10 98e1032a

Отырар топырағынан ұлы бабалардың аманатын арқалаған қоғам қайраткерлері, білім мен мәдениет саласының талай дарабоздары шыққан. Соның бірі де бірегейі, тау тұлға- Өзбекәлі Жәнібеков есімімен аталатын №4 лицей-интернаты ауданымыздағы іргелі қара шаңырақтардың бірі.

  «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 14) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Оқу ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы №348 бұйрығымен (Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізімінде №29030 болып тіркелген) бекітілген, Қазақстан Респубдликасы  Оқу ағарту министрінің 2022 жылғы 12 тамыздағы №363 бұйрығы, Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының 2022 жылғы 25 тамыздағы №270 бұйрығы, мектепішілік 29 тамыз 2022 жылғы №235 бұйрығына сәйкес 2022-2023 оқу жылын бастағалы отырмыз.

     Оқу ғимараты 900 білім алушыға арналған. 250 орындық жатақхана, 125 орындық асхана жұмыс жасап, 200 білім алушы жатақханамен қамтылды.

  2021-2022 оқу жылын 1-11 сыныптар арасында 875 білім алушылармен аяқтап, білім   сапасы 68 пайызды құрады.

Қорытынды аттестаттаудың нәтижесінде 9 сыныптар бойынша  79 оқушының 10-ы «Үздік аттестат», 11 сыныптар бойынша  8 оқушымыз «Үздік аттестат» алса, 9 оқушымыз «Алтын белгі» иегері атанды.

       45 бітіруші түлектің 42-сі   ҰБТ-ге өтініш білдірді. Мектебіміздің орта балл көрсеткіші 90 пайызды құрап,  бітіруші түлектің 70 пайызы  мемлекеттік грант иегерлерінің тізіміне енді.

    «Білімнен басқа нәрседен оздым деу бекершілік» деген мәйекті сөзді жандандырар болсам, 2021-2022 оқу  жылындағы ұстаздар мен оқушылардың білім саласындағы  олимпиадалар мен түрлі байқаулардан алған жоғары көрсеткіштерінің нәтижесінде Ө.Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернаты ауданымыздың үшінші рет «Үздік мектеп» номинациясын иелендік.

    Қазақстан Республикасында шағын жинақты мектептерді дамытудың 2010-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасы шағын жинақты мектептерді дамыту саласындағы мемлекеттік саясаттың жалпы стратегиясын жүзеге асыру мақсатында 2014 жылдан бастап ауданымыздағы «Сырдария» және «Сарыкөл» ШЖНОМ-мен бірлесе жұмыс жасап келеміз. Жыл сайын тоқсанына 1 рет бір жеті мектеп оқушыларын тірек мектеп базасына алдыртып,  сыныптарға топтастыру арқылы оқу үдерісін ұйымдастырып, пән мұғалімдерімен бірлескен әдіс алмасу жұмыстары жүргізілді.

   Атқарылған іс-шаралардың нәтижесінде 2018 жылы облыстық әдістемелік орталықтың ұйымдастыруымен өткен «Үздік ресурстық орталық» байқауында жүлделі бірінші орынды иелендік.

2019 жылы Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының  ұйымдастыруымен Павлодар қаласында өткен «Үздік ресурстық орталық» атты республикалық конкурста «Әлеуметтік серіктестік және ынтымақтастықты ұйымдастырудың үздік ресурстық орталығы» номинациясының жеңімпазы атанып, академия  президенті Ж. Жилбаевтың грамотасымен марапатталдық.

     Түркістан облысы бойынша мектебіміз  Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының ұсынысымен «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының қолдауымен «Ауылдық жерлердегі тірек мектептерін әдістемелік қолдау» қайырымдылық жобасының тізіміне енді. Жоба ДББҰ «Тұрақты Даму Қоры» қоғамдық  және «Қазақстан халқына» қорымен бірлесіп іске асырылуда. Аталмыш қордан мектепке 250 млн. тг көлемінде  материалдық-техникалық базаны жаңартуға ұсыныс жасалып, 2022-2026 жылдар аралығында НЗМ –мен бірлескен, интеграциялық жұмыстар жүргізілетін болады.

  Жаңа оқу жылын МАД топтары 42; 1-11 сыныптар арасында 945; барлығы 987/ 490 білім алушымен бастағалы отырмыз. 125/94, 1 шебер, 26 зерттеуші, 26 сарапшы, 24 модератор, 37 педагог санатындағы мұғалімдер мен 50/39 тәрбиеші шәкірттерге білім мен тәрбие беру мақсатында жұмыс жүргізеді.

  Биылғы 2022-2023 оқу жылында жаңа өзгерістер көп. Мектебіміз биылғы оқу жылының негізгі ерекшеліктерінің бірі- бес күндік оқу жүйесіне көшті. 1 сыныптарда оқу жылының ұзақтығы 35 апта болып белгіленсе, 2-11 сыныптарда 36 аптаға аптаға дейін ұзартылды. 1 сыныпта ағылшын және орыс тілі пәндері жүргізілмейді.

    2022-2023 оқу жылының басталуымен барлық әріптестерімді құттықтаймын. Оқу жылында әріптестеріме шығармашылық табыстар, шәкірттерімізге білімнің биік шыңынан көрінуіне тілектестік білдіремін.