
Ө.Жәнібеков атындағы №4 жалпы орта лицей-интернатының 2017 жылғы түлегі, М.Есболатов атындағы Ішкі Істер Министрлігі Алматы академиясының IV курс курсанты Тастемір Жасұлан Әшірбекұлы білім нәрімен сусындап түлеп ұшқан мектебіндегі офлайн форматта оқып жатқан 1-5, 9, 11-сыныптардағы оқушыларға яғни іні-қарындастарына карантин кезеңіндегі ережеге сәйкес ауызсу ішу мәселесіне байланысты 2000 дана бір реттік пластик стакандар әкеліп демеушілік жасады. Жасұлан шәкіртімізге алдағы уақытта жоғарыда аталған академияны ойдағыдай бітіріп шығып, еліңе адал қызмет етіп, полиция генералы бола беріңіз дейміз!!!