
Ө.Жәнібеков атындағы № 4 жалпы орта лицей – интернатының 10 «В» сынып оқушысы Қалдыбай Алмажан пәндік олимпиаданың облыстық кезеңінде жүлделі 1-орын алса, «Ахмет Байтұрсынұлы – ұлтымыздың ұлы ұстазы» байқауында ауданнан оза шауып, облысқа жолдама алды. Ең үздік шығарма жазу байқауында үздік танылып, облыстық жүлдемен оралды. «Білімнен басқа нәрседен оздым деу бекершілік» – екенін дәлелдеген шәкіртіміз Алмажанның алар асу әлде алда деп ойлаймыз!
Ренцуллин мен Райстың дарынды және талантты балалар күрделі қабілеттің иелері, әрі олар адам қызметінің кез келген құнды саласында өз қабілеттерін көрсетуге бейім деген ұғымын дәлелдеп дәйектеді мектебіміздің шәкірті.
«Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» демей ме қазағым. Шәкіртінің зейінін ашқан қымбатты ұстазы Ұлбала Әбдуайтқызына шығармашылық табыс тілейміз! Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Ұ.Мамырайымоваға үлкен сәттілік тілейміз!