Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Кітапханаға кітап сыйлайық» акциясы

1 17c61993

Түркістан облысы, Отырар ауданы,Өзбекәлі Жәнібеков атындағы №4 жалпы орта лицей-интернатының кітапханасы

Мемлекет басшысы Қасымжомарт КемелұлыТоқаевтың «Оқуға құштар мектеп» жобасын іске асыру мақсатында, «14-ақпан –Халықаралық  кітап сыйлау күні» акциясына қош келдіңіздер! 

Акцияның мәні:«Сіз кітапханаға кітап сыйласаңыз, жақсы ісіңіз өзіңізге қайта оралады»

Бұл акция қазіргі жаһандану мен ғаламдану заманында кітап оқуды насихаттау мақсатында ұйымдастырылып отыр. Кітап оқу-адамға өзіндік әсер ететін,оның адам болып қалыптасуына маңызды рөл атқарады.Кітап оқу мен кітапханаларды қолдау қоғам дамуының басты міндеттерінің бірі екенін ескере келе «Кітапханаға кітап сыйла» атты қайырымдылық акциясы ұйымдастырып отырмыз. Атаулы акцияға мектеп басшыларын,мектеп қызметкерлерін, оқушыларын, мектеп түлектерін, ата-аналарды әр түрлі жанрдағы кітаптар  сыйлауға және демеуші болуға шақырамыз.