
Ө.Жәнібеков атындағы №4 жалпы орта лицей-интернат кітапханасында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында 22 қаңтар күні 8-сыныптар арасында Қазақстанды басқарған ұлы тұлға Дінмұхамед Қонаевтың 110 жылдығына орай ұлы тұлғаға арналған, «Нар тұлғалы қайраткер!» атты тәрбие сағаты өткізілді.
Мақсаты: Оқушыларға қазақ елінің біртуар азаматы Д.А.Қонаев туралы жан – жақты түсінік қалыптастыру, кемеңгер тұлғаның қоғамға және мемлекетке сіңірген еңбегі туралы түсіндіріп білімдерін толықтыру. Ұлы тұлғаның халқына сіңірген еңбегін, ерлігін, қажырлы жүргізген саясатын үлгі ету, оқушылар бойына халқымыздың құндылықтарын сіңіріп тәрбиелеу.
«Ерім» дейтін ел болмаса,
«Елім» дейтін ер қайдан болсын? ! Халықтың қалауына, ығына жығылған басшының басты мақсаты да осы болуы керек. Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев ел үшін қызмет етіп, аянбай тер төкті. Ол адалдықты, шындықты ту еткен, халық үшін қалтқысыз қызмет еткен адал перзент.
Ұлы Димашты бола ма, ұмытуға,
Ол – кемеңгер, ғажайып ұлы тұлға!
Жалғыз өзі жарады қапас күнде,
Ұлан байтақ даланы көркейтуге
Атақ – даңқы аңыз болған талайға,
Димекеңе баға беру оңай ма?
Ешкімге көмегін аямаған,
Халқы сол үшін оны бағалаған,
– деп, Ораз Қауғабай ағамыз жазғандай, Д. А. Қонаев атамыз халқы сыйлаған, ардақтаған ғасыр азаматы еді. Халқымыздың біртуар азаматы Д. А. Қонаевтың есімі жылдар өтсе де, әр қазақтың жүрегінде мәңгі сақталады. Бұл күндері Қазақстанның әр қаласында Димекеңнің атымен аталатын көшелер, мектептер, жоғарғы оқу орындары көптеп кездеседі. Дінмұхамед атымен аталатын жас ұрпақ та желкілдеп өсіп келеді.Иә, қазақ халқы бар жерде Димаш атаның есімі ұмытыла қоймас. Елдің мәңгі есіндесіз, қазақтың асыл перзенті, Димаш ата!
Ұйымдастырушылар: Кітапханашы Нұрмаш Гүлбарам, география пәнінің мұғалімі Мәжитов Арыстан