
«Оқыту мен оқу үдерісінде педагогтердің жоспарлау дағдысын арттыру» тақырыбында педагогикалық семинар өтті. Семинарға НЗМ ДББҰ басқарма төрайымы Шамшидинова Күләш Ноғатайқызы , Шымкент қаласы “Педагогикалық шеберлік орталығы” филиалының директоры Калгинбаева Жанар Сакимбекқызы, Түркістан облыстық Әдістемелік орталығының директоры Төлімбетов Бақытжан Нұрмаханбетұлы, НЗМ директоры Касимов Балкан Маратұлы, Отырар аудандық Адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Мұсатаева Жанат Тұяқбайқызы және әдістемелік орталық тренерлері қатысты.
Жалпы,педагогикалық үдерісті құраушы екі басты бірліктің біреуі-оқу үдерісі десек ,бұл үдеріс өте күрделі.Сипаты жағынан ол тек тәрбие және даму үдерісінен кейін тұруы мүмкін. Оқу үдерісі әр текті және табиғаты жағынан әртүрлі көптеген жағдаяттардың мың санды байланыстары мен қатынастарын қамтиды.Сөзімді даму үдерісінен тәптіштеуім, іскерлік,әдістемелік көмектің біздің мектебімізге келуі себеп болып отыр.
Ауыл мектептерінің білім сапасын НЗМ мектептерімен теңестіру мақсатында 2022-2026 жылдар аралығында жүргізілетін өзара тәжирибе алмасу,мұғалімдердің кәсіби құзіреттілігін дамыту, білім сапасын көтеру, тірек мектептерімен тығыз жұмыс жасау барысындағы алдағы жоспарлар мен міндеттер айқындалды.
Осынау игілікті істі жүзеге асыру,білімдегі қағидаларды жүйелей отырып, білім бәсекесінде биік межені бағындыру ұжымның атқаратын игілікті ісі екендігін айтқымыз келеді.
Әлемдік білім кеңістігіндегі бәсекелестікке қол жеткізу- ұжымымның ауыз біршілігі арқасында іске асады. «Мен үшін жақсы мұғалім бәрінен де артық,өйткені мұғалім-мектептің жүрегі» -деген Ыбырай ұстаздың қанатты сөзімен әріптестеріме серпін бергім келеді.