Мектебімізде Спорт және ӨНЕР айлық іс-шарасы бастау алды.
Оқушылардың қызығушылығын арттыру барысында пән апталықтарының орны ерекше. Бұл айлықты өткізудегі негізгі мақсатымыз – Оқушыларды дене тәрбиесі және спортпен шұғылдануға тарту, белсенділікке, қайсарлыққа, батылдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу, ойын кезінде әділдікке, жолдастық сезімге, ойынды жетілдіруге тәрбиелеу, балалардың бос уақытын тиімді пайдалану, денсаулықтарын нығайтуға және өмірмен де байланысты екенін түсіндіру. Түрлі сайыстар мен іс – шаралар өткіземіз.