
Ө.Жәнібеков атындағы №4 жалпы орта лицей-интернатында жас ұстаздардың біліктілігін, жан-жақты өз кәсібінің шебері екендігін сынау арқылы, оларды іскерлікке, мәдениеттілікке, өз кәсібіне үлкен жауапкершілікпен қарауға бар күш жігерін жұмсауға баулу мақсатында «Үздік заманауи жас маман – 2021» байқауы өткізілді. «Өзін-өзі таныстыру», «Өнерлінің өрісі кең», «Білікті маман – Ел тірегі», «Мамандығым – мақтанышым», «Үздік сабақ», «Мамандығым мақтанышым» турларынан тұрған сайыста жас мамандар болашақтарынан үлкен үміт күттіретіндерін көрсетті.