
Ө.Жәнібеков атындағы №4 жалпы орта лицей-интернатында 2021 жылғы 22 қараша мен 2 желтоқсан аралығында «Болашақ» тәрбиешілер әдістемелік бірлестігінің «Ұлттық тәрбие – құндылық бастауы» атты онкүндігі жүріп жатыр. Онкүндік барысында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына, Ө.Жәнібековтің 90 жылдығына орай және де тәрбиеленушілердің Отанға деген патриоттық сезімін жетілдіру мақсатында әдет-ғұрыптарымызды, салт-дәстүрлерімізді дәріптейтін тәрбие сағаттары мен сыныптан тыс іс-шаралар көптеп өтуде.