ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІ – ҰЛТ ТАҒДЫРЫ

Whatsapp Image 2021 11 23 At 20.42.56 440387e2

Бүгін Ө.Жәнібеков атындағы №4 жалпы орта лицей-интернатында «Болашақ» тәрбиешілер әдістемелік бірлестігінің «Ұлттық тәрбие – құндылық бастауы» атты онкүндігінің ашылу салтанаты болып, соңы аудандық «Әкелер мектебі» кеңесінің жоспарына сәйкес «Ұрпақ тәрбиесі – ұлт тағдыры» атты жиналысымен жалғасты. Жиналысқа кеңес мүшелері аудандық «Ардагерлер кеңесінің» төрағасы Өксікбаев Мырзабай, Жаңабаев Сатыбалды ағаларымыз қатысты.  Тәрбие ісі жөніндегі орынбасар Жақашова Айнұр атқарылған жұмыстар жөнінде бейнероликтер көрсете отырып баяндама жасады. «Ендігі мақсат – қазақ отбасындағы әкенің статуысын қайтару», «Ер азаматтың беделі оның табысында», «Әке – баланың қорғаны» тақырыбындағы баяндамалар жиналысқа қатысушыларға оң әсерін тигізіп, ортаға өз пікірлерін айтуға ықпал етті. Алдағы уақытта жалпы ата-аналар жиналысына әкелер қатысу керек деген ұйғарымға келді. Өмірден көргені мен түйгенін дәріптеген Өксікбаев Мырзабай ағай көпшіліктің алғысына бөленді. Жиналысты мектеп басшысы Ә.Әріпбеков қорытындылап арнайы топ пен барлық қатысушыларға  «Әкелер мектебінің» жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқықбұзушылықтың алды алынып, салт-дәстүр мен ұлттық құндылықтарды дәріптеуде алатын орны ерекше екендігі жайлы жеткізді.