
Оқушылардың сауат ашу пәнін оқу барысында алған білімдерін қорыту, төрт айдың ішінде мектеп қабырғасында үйренген өнерлері мен іскерліктерін ата – аналарға көрсету. Өз ойларын ашық, еркін айту, сөйлеу мәдениетін, ойлау қабілеттерін, жан – жақты білімдерін, шығармашылық, танымдық қабілеттерін дамыту, талғамдарын дамыту. Білімге деген сүйіспеншіліктерін, білім алуға, өнерге деген құштарлықтарын арттыру. Адамгершілікке, ұқыптылыққа, бірін — бірі сыйлауға, өзін — өзі дұрыс ұстауға, ұжымшылдыққа, әсемдікке, еңбекке баулу, ана тілін сүйіп, қастерлеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қазақ әліпбиі,суреттер, нақыл сөздер, «Әліппе», «Ана тілі»оқулықтарының мұқабасы, шарлар.
1 “А” сынып жетекшісі: М. Қасетова