Өзбекәлі Жәнібеков

4
Өзбекәлі Жәнібеков
Бүгін этнограф, қазақ халқының ұлттық мәдениетінің, ана тілінің, дәстүрі мен әдет-ғұрпының жаңарып, дамуына елеулі үлес қосқан көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Өзбекәлі Жәнібековтің (1931-1998) туған күні.
Оңтүстік Қазақстан облысының Отырар ауданында туған. Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын бітірген. 1952-1962 жылдары – мұғалім, орта мектептің оқу ісінің меңгерушісі, Келес аудандық партия комитетінің штаттан тыс насихатшысы, Аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы, Оңтүстік Қазақстан облыстық комсомол комитетінің хатшысы, бірінші хатшысы, Қазақстан ЛКСМ Орталық Комитетінің хатшысы-бөлім меңгерушісі. 1962-1975 жылдары – Қазақстан ЛКСМ Орталық Комитетінің бірінші хатшысы, Торғай облыстық партия комитетінің хатшысы. 1975-1977 жылдары – Қазақстан КП Орталық Комитетінің шетелдермен байланыс бөлімінің мегерушісі. 1977-1987 жылдары – Қазақ КСР мәдениет министрінің орынбасары, Алматы облыстық атқару комитеті төрағасының орынбасары. 1987-1988 жылдары Қазақ КСР мәдениет министрі, 1988-1991 жылдары – Қазақстан КП Орталық Комитетінің хатшысы. 1991 жылы зейнет демалысына шықты. Арқас қазақ тілі мен әдебиетін түлету қорының президенті болды. Үш мәрте Еңбек Қызыл ту орденімен, медальдармен марапатталған.