📌 Педагогтердің бос лауазымына тағайындау үшін конкурс !!!

Изображение WhatsApp 2025 04 03 в 11.35.42 86c00c5d

«Ө.Жәнібеков атындағы №4  лицей-интернаты»  КММ

            📌   Педагогтердің бос лауазымына тағайындау үшін конкурс !!!

           📌 Түркістан облысының білім басқармасының 

                Отырар ауданының білім  бөлімінің 

Ө.Жәнібеков атындағы №4  лицей-интернат»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі                              

 Мекен жайы: (индексі -160700) Түркістан облысы, Отырар ауданы,  Шәуілдір ауылы, Ә.Жылқышиев көшесі, 11-үй,  анықтама үшін телефон номері: (87254421506),  электрондық поштасы: internat4otrar@mail.ru 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығымен бекітілген   «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» педагогтерді  бос лауазымға орналасуға төмендегі штаттық бірлік бойынша конкурс жариялайды:

1. Қазақ тілі  пәнінің мұғалімі – 1 бірлік  (тұрақты )

* Лауазымдық еңбекақысы еңбек еткен жылына, біліктілік санатына қарай сәйкес төленеді.

* Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген кандидатқа қойылатын біліктілік талаптары  Қазақстан Респубикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі №338 бұйрығының талаптарына сәйкес.

* Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:

      1) конкурсқа қатысу туралы өтініш; (№57 бұйрықтың 3-қосымша)

      2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

    3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

      4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

      5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

      6) “Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

    7) психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары бар аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;

     8) наркологиялық аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама; 

     9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератордан төмен емес қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

    

10) ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша сертификаттау нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератор немесе педагог-сарапшы немесе педагог-зерттеуші немесе педагог-шебер біліктілік санатының болуы туралы куәлікті (бар болса) немесе CELTA (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) PASS A; DELTA (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе IELTS (IELTS – айелтс) – 6,5 балл; немесе тойфл TOEFL (іnternet Based Test (іBT)) – 60-65 балл көрсеткіші бар сертификат;

11) №57 бұйрықтағы  12, 13 – қосымшаларға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы;

  12) жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша), оқу орнынан ұсыным хат.

 

 

ЕСКЕРТУ: құжаттарды электронды түрде қабылдау 7 жұмыс күн ішінде.