ЖАСҰЛАН ЖАРАЙСЫҢ!!!

989d286f

Ө.Жәнібеков атындағы №4 жалпы орта  лицей-интернатының 2017 жылғы түлегі, М.Есболатов атындағы Ішкі Істер Министрлігі Алматы академиясының   IV курс курсанты Тастемір Жасұлан Әшірбекұлы білім нәрімен сусындап түлеп ұшқан мектебіндегі офлайн форматта оқып жатқан 1-5, 9, 11-сыныптардағы оқушыларға яғни іні-қарындастарына карантин кезеңіндегі ережеге сәйкес ауызсу ішу мәселесіне байланысты 2000 дана бір реттік пластик стакандар әкеліп демеушілік жасады. Жасұлан шәкіртімізге алдағы уақытта жоғарыда аталған академияны ойдағыдай бітіріп шығып, еліңе адал қызмет етіп, полиция генералы бола беріңіз дейміз!!!

ИГІ ІСТЕРДІҢ БАСЫНДА ЖҮРЕТІН АЗАМАТҚА МЫҢ АЛҒЫС!!!

5a3864f5

Қайырымдылық — көмекті қажет етушілерге білдірілетін сүйіспеншілік пен нақты көмек. Қайырымдылық ізгіліктің анық көрінісі болып табылады. 

Қайырымдылық — адамның асыл қасиеттерінің бірі. Кісінің айналасындағы адамдарға деген ықыласы мен көмегін адамгершілік қарым-қатынастарын білдіреді. Бүгін осындай қайырымдылық пен демеушілік жасап отырған Ө.Жәнібеков атындағы №4 жалпы орта лицей-интернатының «Қамқоршылық» кеңесінің төрағасы, мектебіміздің үздіксіз демеушісі Асан Аралбай жерлесіміз кезекшілік сыныпта оқып жүрген 1-5 сыныптар оқушыларына, аралас оқыту форматында оқып жүрген           9, 11-сыныптар оқушыларына және пән мұғалімдеріне карантин жағдайына байланысты 2000 дана бетперде тарту етті. Атымтай жомарт азаматқа отбасыңызда әрқашан амандық, бақ-береке, ісіңіз әрқашан оңды болсын дейміз!!!

Мамандықты дұрыс таңдау – өмірдің табысты кілті

1 e35d0960

Мамандық таңдау кезеңінде тұрған оқушыларға бағыт – бағдар беріп, таңдау мүмкіндіктерін шешуіне ықпал ету. Оларды өз пікірін еркін айтуға, басқаның пікірін сыйлай білуге, жүйелі ойлауға баулу. Оқушылардың қоғамға деген азаматтық позициясын қалыптастырып, отансүйгіштікке тәрбиелеу.

ЖАҚСЫЛЫҚ ЖАСАУҒА АСЫҒЫҢЫЗ

1 739ffc9f

Түркістан облысы, Отырар ауданы, Өзбекәлі Жәнібеков атындағы                         №4  жалпы орта лицей-интернатында “Өзін-өзі тану-Шығармашылық пен Махаббат педагогикасы” атты  ақпараттық компаниясының мерейлі іс-шарасы барысында “Жүректен-жүрекке”, “Жақсылық жасауға асығыңыз” атты қайырымдылық акциясы аясында өзін-өзі тану пәнінің мұғалімдерінің ұйымдастыруымен аз қамтылған отбасы балаларына сыйлықтар тарту етіп, жүректеріне қуаныш нұрын сыйлады.

Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Кітапханаға кітап сыйлайық» акциясы

1 17c61993

Түркістан облысы, Отырар ауданы,Өзбекәлі Жәнібеков атындағы №4 жалпы орта лицей-интернатының кітапханасы

Мемлекет басшысы Қасымжомарт КемелұлыТоқаевтың «Оқуға құштар мектеп» жобасын іске асыру мақсатында, «14-ақпан –Халықаралық  кітап сыйлау күні» акциясына қош келдіңіздер! 

Акцияның мәні:«Сіз кітапханаға кітап сыйласаңыз, жақсы ісіңіз өзіңізге қайта оралады»

Бұл акция қазіргі жаһандану мен ғаламдану заманында кітап оқуды насихаттау мақсатында ұйымдастырылып отыр. Кітап оқу-адамға өзіндік әсер ететін,оның адам болып қалыптасуына маңызды рөл атқарады.Кітап оқу мен кітапханаларды қолдау қоғам дамуының басты міндеттерінің бірі екенін ескере келе «Кітапханаға кітап сыйла» атты қайырымдылық акциясы ұйымдастырып отырмыз. Атаулы акцияға мектеп басшыларын,мектеп қызметкерлерін, оқушыларын, мектеп түлектерін, ата-аналарды әр түрлі жанрдағы кітаптар  сыйлауға және демеуші болуға шақырамыз.