ЖАСҰЛАН ЖАРАЙСЫҢ!!!

989d286f

Ө.Жәнібеков атындағы №4 жалпы орта  лицей-интернатының 2017 жылғы түлегі, М.Есболатов атындағы Ішкі Істер Министрлігі Алматы академиясының   IV курс курсанты Тастемір Жасұлан Әшірбекұлы білім нәрімен сусындап түлеп ұшқан мектебіндегі офлайн форматта оқып жатқан 1-5, 9, 11-сыныптардағы оқушыларға яғни іні-қарындастарына карантин кезеңіндегі ережеге сәйкес ауызсу ішу мәселесіне байланысты 2000 дана бір реттік пластик стакандар әкеліп демеушілік жасады. Жасұлан шәкіртімізге алдағы уақытта жоғарыда аталған академияны ойдағыдай бітіріп шығып, еліңе адал қызмет етіп, полиция генералы бола беріңіз дейміз!!!

ИГІ ІСТЕРДІҢ БАСЫНДА ЖҮРЕТІН АЗАМАТҚА МЫҢ АЛҒЫС!!!

5a3864f5

Қайырымдылық — көмекті қажет етушілерге білдірілетін сүйіспеншілік пен нақты көмек. Қайырымдылық ізгіліктің анық көрінісі болып табылады. 

Қайырымдылық — адамның асыл қасиеттерінің бірі. Кісінің айналасындағы адамдарға деген ықыласы мен көмегін адамгершілік қарым-қатынастарын білдіреді. Бүгін осындай қайырымдылық пен демеушілік жасап отырған Ө.Жәнібеков атындағы №4 жалпы орта лицей-интернатының «Қамқоршылық» кеңесінің төрағасы, мектебіміздің үздіксіз демеушісі Асан Аралбай жерлесіміз кезекшілік сыныпта оқып жүрген 1-5 сыныптар оқушыларына, аралас оқыту форматында оқып жүрген           9, 11-сыныптар оқушыларына және пән мұғалімдеріне карантин жағдайына байланысты 2000 дана бетперде тарту етті. Атымтай жомарт азаматқа отбасыңызда әрқашан амандық, бақ-береке, ісіңіз әрқашан оңды болсын дейміз!!!