ҰСТАЗДАР, ӘРІПТЕСТЕР КӘСІБИ МЕРЕКЕЛЕРІҢІЗБЕН!!!

WhatsApp Image 2021 09 30 at 16.54.04 0de1b89d

         1994 жылдан бері дүние жүзінің 100-ден астам мемлекетінде қазан айының алғашқы жексенбісі мұғалімдердің кәсіби мерекесі болып белгіленген.

         ҰСТАЗ деген – бұл ғылымға жетелейтін маман ғана емес, адамды рухани байытатын тұлға. ҰСТАЗДАР ерекше азаматтық миссияны орындайды – келер ұрпаққа тәрбие береді.

         Осы орайда құрметті барша замандас ұстаздар, әріптестер саналы тәрбие, сапалы білім берудегі қызметтеріңізде отбасыларыңызға амандық, бақ-береке, шығармашылық табыстар тілеймін!!!

ЖӘНІБЕКОВТІҢ ЖАННАСЫ ЖОЛЫҢ БОЛСЫН!!!

WhatsApp Image 2021 09 30 at 08.46.45 56ed377f

 

Ө.Жәнібеков атындағы №4 жалпы орта лицей-интернатының 11 «Ә» лицей-сыныбының үздік оқушысы, бұған дейін де түрлі олимпиадаларда топ жарып жүлдемен оралып жүрген Рысбайқызы Жанна шәкіртіміз бүгін шырайлы Шымкент қаласындағы Батырбек Өтеп атындағы «Өнер» мектеп-интернаты базасында жаратылыстану-математика цикл пәндері бойынша өтетін Президенттік олимпиаданың облыстық кезеңіне қатысу үшін «Ұлылар мекені, ойшылдар отаны – ОТЫРАР» ауданының атынан жол тартты. Шәкіртіне тәлім-тәрбие беріп жүрген әрі физика пәнінің мұғалімі, әрі сынып жетекшісі Пәзілбеков Ғалымжан, математика пәнінің мұғалімі Мылтықбаева Арайлым және бағыт-бағдар беріп жүрген химия пәнінің мұғалімі, директордың бейінді оқыту жөніндегі орынбасары Бұйрабай Мұхамеджан әріптестерімізге алғыс айта отырып, Жаннаның тағы да жүлдемен оралатынына үміттіміз дәлірек айтқанда сенімдіміз.

ЕЛ ЕРТЕҢІ – ЖАС ҰРПАҚ

WhatsApp Image 2021 09 24 at 16.31.22 1feebf3a

Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен енгізілген «Ел ертеңі- жас ұрпақ» әлеуметтік жобасы шеңберінде, облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының 2021 жылғы 28 тамыздағы №07/3538 санды шығыс хатына, аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің 2021 жылғы 22 қыркүйектегі №229-11/01-01/229 санды шығыс хатына сәйкес «Береке» қоғамдық бірлестігімен, «Түркістан облысы ата-аналар қауымдастығы» қоғамдық бірлестігімен және ОНЛАЙН ОТБАСЫ АКАДЕМИЯСЫМЕН серіктестікте «Ата-аналар мен сынып жетекшілеріне арналған отбасындағы және мектептегі зорлық-зомбылықтың алдын алу» тақырыбында психологиялық семинардың 1-ші ағымы және «Мектептегі зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында балалар мен ата-аналармен жұмыс жасау әдістері» тақырыбында семинар Ө.Жәнібеков атындағы №4 жалпы орта лицей-интернатының мәжіліс залында өткізілді. Сағат 9/00-18/00 аралығында кезең-кезеңімен өткен семинарға «Түркістан облысы ата-аналар қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Жакипова Ақбаян, «Береке» қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры Рустамбекова Алия, аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің бас маманы Арын Ахмет, әдіскер Қалымбетов Ерлан, мектебіміздің тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары С.Тәжібай, А.Жақашова және 24 жалпы орта, 6 негізгі орта, 10 бастауыш мектептерден сынып жетекшілері, әлеуметтік педагогтер және ата-аналар қатысты. Семинар барысында сынып жетекшілерге, әлеуметтік педагогтерге,       ата-аналарға балалар буллинг жасамауы және буллингтің құрбаны болмауы, сонымен қатар  отбасы мүшелері арасындағы агрессивті қарым-қатынас жолдарына мүмкіндік бермеу туралы  біршама кеңестерімен бөлісіп, аудиториямен жұмыс жасалды. Семинар соңында қатысушыларға қажетті нұсқаулықтармен жадынамалар таратылды.

ТІЛІМ МЕНІҢ – ТІРЛІГІМНІҢ АЙҒАҒЫ

2 ac64b123

Ө.Жәнібеков атындағы №4 жалпы орта                лицей-интернатының 2021-2022 оқу жылына арналған өндірістік жоспарына сәйкес «Сана» қазақ тілі мен әдебиеті пәні әдістемелік бірлестігі онкүндігінде 23-қыркүйек күнгі үлкен үзілісте педагог-зерттеуші Айқожаева Жайна әріптесіміз 5-6 сыныптар оқушыларымен «Ертегілер әлеміне» саяхат жасады. Іс-шара барысында оқушылар ертегідегі кейіпкелер образына еніп, ерекше қабілеттерін көрсетті.

ТІЛІМ МЕНІҢ – ТІРЛІГІМНІҢ АЙҒАҒЫ

1 0bfb8022

Ө.Жәнібеков атындағы №4 жалпы орта лицей-интернатының 2021-2022 оқу жылына арналған өндірістік жоспарына сәйкес «Сана» қазақ тілі мен әдебиеті пәні әдістемелік бірлестігі онкүндігі жоспарына сәйкес 22-қыркүйек күнгі үлкен үзілістегі оқушылардың екпінді дұрыс қоя білу, оқу мәнерін меңгеру, дауысты өлеңнің ой – мазмұнына сай баяу, жігерлі оқу немесе тілек, сұрақ, көңіл күйді көтеріңкі үнде оқи білу машықтарын байқау, бағалау, дүниетанымын дамыту, өлең сөзге деген қызығушылықтарын арттыру және сөйлеу мәдениетін қалыптастыру мақсатындағы «Мәнерлеп оқу» сайысынан.