Ө.Жәнібеков атындағы №4 жалпы орта лицей-интернатының 2021-2022 оқу жылына арналған өндірістік жоспарына сәйкес «Сана» қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінен (4 педагог-зертеуші, 3 педагог-сарапшы) құрылған әдістемелік бірлестік бүгін 20-30 қыркүйек аралығындағы онкүндіктерін бастап кетті. Онкүндіктің жоспарында ашық сабақтар, сыныптан тыс іс-шаралар және үлкен үзіліске де оқушының пәнге қызығушылығын арттыру мақсатында сайыстар жоспарланған. Онкүндіктің ашылу салтанатына мектеп директоры Ә.Әріпбеков қатысып оқушыларға BilimLand мұғалімдер мен оқушыларға арналған білім беру платформасымен жұмыс жасай отырып, пәндік олимпиаданың аудандық кезеңіне жолдама алған оқушыларға дайындықты жоспарлы, жүйелі түрде жүргізіп, нақты нәтижеге қол жеткізуді тапсырды. Онкүндіктің алғашқы күні Р.Әбдіразаққызының 10 «Ә» сыныбына «Елім деп соққан жүректің тағдыры» тақырыбындағы және Б.Оразбекованың 5 «Ә» сыныбына «Тілі байдың ойы да бай» тақырыбындағы ашық сабақтарымен жалғасты. Зияткерлік сұрақтарға жоғары деңгейде жауап берген аудандық олимпиаданың жүлдегері 11 «В» лицей-сынып оқушысы Өтен Думан марапатталды.
