ТІЛІМ МЕНІҢ – ТІРЛІГІМНІҢ АЙҒАҒЫ

1 0bfb8022

Ө.Жәнібеков атындағы №4 жалпы орта лицей-интернатының 2021-2022 оқу жылына арналған өндірістік жоспарына сәйкес «Сана» қазақ тілі мен әдебиеті пәні әдістемелік бірлестігі онкүндігі жоспарына сәйкес 22-қыркүйек күнгі үлкен үзілістегі оқушылардың екпінді дұрыс қоя білу, оқу мәнерін меңгеру, дауысты өлеңнің ой – мазмұнына сай баяу, жігерлі оқу немесе тілек, сұрақ, көңіл күйді көтеріңкі үнде оқи білу машықтарын байқау, бағалау, дүниетанымын дамыту, өлең сөзге деген қызығушылықтарын арттыру және сөйлеу мәдениетін қалыптастыру мақсатындағы «Мәнерлеп оқу» сайысынан.

ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРМЕН БІР СӘТ

39343dc6

Ой – өріс қабілетімен ерте жастан көзге түскен оқушылар, өз қатарластарын басып оза, мұғалімнің ерекше мейірім ықыласына бөленеді. Дарынды балалар ортада өзін                 емін – еркін ұстай отыра, өздерін басқаның алдында биік ұстай біледі. Балалардың кейбір дарындылығы көбінесе байқала бермейді, оның қабілетін, дарындылығын дамыту – ұстаздың қолында. Ұстаз оқушыға қалай бағыт берсе, ол соған қарай бейімделеді. Балалармен бірге жұмыс істеуді тек ұстазға артып қана қоймай, ата – аналарда бірге жұмыс істеуі керек. Сонда ғана баланың ойлау қабілеті арта түседі.