АЙСӘУЛЕ АЯНБАЙ ЕҢБЕК ЕТЕДІ

44

Ө.Жәнібеков атындағы №4 жалпы орта лицей-интернатының лицей-сыныптарының химия және биология пәндерінің педагог-модератор мұғалімі Молбаева Айсәуле Қанатқызы Мыңшұңқыр  жалпы орта мектебінің базасында «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» тақырыбында өткен республикалық педагогикалық олимпиадасының аудандық кезеңінде шығармашылық қабілетін көрсеткені үшін І дәрежелі ДИПЛОМмен марапатталды. Айсәуле алар асуың молынан болғай!!!

ТІЛ ӘЛЕМІНЕ – САЯХАТ

WhatsApp Image 2021 10 15 at 15.04.25 5c40e08c

Ө.Жәнібеков атындағы №4 жалпы орта лицей-интернатының 2021-2022 оқу жылына арналған өндірістік жоспарына сәйкес «Лингвист» орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігі 4-14 қазан аралығында онкүндік өтті. Онкүндіктің жоспарында «Мы и природа», «Символ верности дому», «Спорт в нашей жизни», «Ошибкам – бой!», «О спорт ты – мир» «Знатоки русского языка», «Ты и твои друзья», «Учимся читать выразительно», «Доброта- навеки украшения» тақырыптарында ашық сабақтар мен сыныптан тыс іс-шаралар оқушылардың пәнге қызығушылығын арттырды. Онкүндіктегі іс-шараларға атсалысқан Л.Тәменова жетекшілік ететін бірлестік мүшелері Г.Сәменова, Л.Шадиева, Г.Амангелді, Ғ.Орынбекова, Ә.Тілекеева және Т.Тұяқбаев оқушыларды марапаттады. Әріптестерімізге алдағы уақытта кәсіби біліктілік пен шығармашылық табыстар тілейміз!!!

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АВТОКӨЛІККЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗЕМІН

WhatsApp Image 2021 10 09 at 17.54.00 3fb08556

Мен Кенжебек Сүндет Сәбитұлы Ө.Жәнібеков атындағы №4 жалпы ора лицей-интернатының 6 «Б» сынып оқушысымын. Мен сабақты өте жақсы оқу мақсатында сабақтан кешігіп қалмау үшін мектепке велосипедпен келемін. 2027 жылы мектеп бітірген соң бар білімімді,     күш-жігерімді Қазақстанның машина жасау саласына – Ұлттық автокөлік құрастыруды дамытуға арнаймын.

ТАЛАНТ – ТАБИҒАТТАН, ТАЛАП ӨЗІҢНЕН

WhatsApp Image 2021 10 01 at 12.29.39 1bbc2f4a

Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасы, «Жамбыл облысы Жастар ұйымдарының Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің ұйымдастыруымен мемлекеттік грант аясында «Орта білім беру ұйымдары» арасында «Ұлы дала өркениеттері» атты байқауына үміткер ретінде Ө.Жәнібеков атындағы №4 жалпы орта лицей-интернатында этнограф, сазсырнайшы, қобызшы, фарабитанушы, Қазақстан Дизайнерлер мен Суретшілер одағының мүшесі, көне Отырардың құмырашылық кәсібінің технологиясы мен дәстүрін қалпына келтірумен айналысып келе жатқан Қарабдалов Кендебай ағамызбен кездесу өтті.