АЙСӘУЛЕ АЯНБАЙ ЕҢБЕК ЕТЕДІ

44

Ө.Жәнібеков атындағы №4 жалпы орта лицей-интернатының лицей-сыныптарының химия және биология пәндерінің педагог-модератор мұғалімі Молбаева Айсәуле Қанатқызы Мыңшұңқыр  жалпы орта мектебінің базасында «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» тақырыбында өткен республикалық педагогикалық олимпиадасының аудандық кезеңінде шығармашылық қабілетін көрсеткені үшін І дәрежелі ДИПЛОМмен марапатталды. Айсәуле алар асуың молынан болғай!!!

ТІЛ ӘЛЕМІНЕ – САЯХАТ

WhatsApp Image 2021 10 15 at 15.04.25 5c40e08c

Ө.Жәнібеков атындағы №4 жалпы орта лицей-интернатының 2021-2022 оқу жылына арналған өндірістік жоспарына сәйкес «Лингвист» орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігі 4-14 қазан аралығында онкүндік өтті. Онкүндіктің жоспарында «Мы и природа», «Символ верности дому», «Спорт в нашей жизни», «Ошибкам – бой!», «О спорт ты – мир» «Знатоки русского языка», «Ты и твои друзья», «Учимся читать выразительно», «Доброта- навеки украшения» тақырыптарында ашық сабақтар мен сыныптан тыс іс-шаралар оқушылардың пәнге қызығушылығын арттырды. Онкүндіктегі іс-шараларға атсалысқан Л.Тәменова жетекшілік ететін бірлестік мүшелері Г.Сәменова, Л.Шадиева, Г.Амангелді, Ғ.Орынбекова, Ә.Тілекеева және Т.Тұяқбаев оқушыларды марапаттады. Әріптестерімізге алдағы уақытта кәсіби біліктілік пен шығармашылық табыстар тілейміз!!!