ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ – ҚҰНДЫЛЫҚ БАСТАУЫ

260086960 1514734115577983 5600899350933975598 n 6ed6432f

Ө.Жәнібеков атындағы №4 жалпы орта лицей-интернатында 2021 жылғы 22 қараша мен 2 желтоқсан аралығында «Болашақ» тәрбиешілер әдістемелік бірлестігінің «Ұлттық тәрбие – құндылық бастауы» атты онкүндігі жүріп жатыр. Онкүндік барысында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына, Ө.Жәнібековтің 90 жылдығына орай және де тәрбиеленушілердің Отанға деген патриоттық сезімін жетілдіру мақсатында әдет-ғұрыптарымызды, салт-дәстүрлерімізді дәріптейтін тәрбие сағаттары мен сыныптан тыс іс-шаралар көптеп өтуде.

ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІ – ҰЛТ ТАҒДЫРЫ

WhatsApp Image 2021 11 23 at 20.42.56 440387e2

Бүгін Ө.Жәнібеков атындағы №4 жалпы орта лицей-интернатында «Болашақ» тәрбиешілер әдістемелік бірлестігінің «Ұлттық тәрбие – құндылық бастауы» атты онкүндігінің ашылу салтанаты болып, соңы аудандық «Әкелер мектебі» кеңесінің жоспарына сәйкес «Ұрпақ тәрбиесі – ұлт тағдыры» атты жиналысымен жалғасты. Жиналысқа кеңес мүшелері аудандық «Ардагерлер кеңесінің» төрағасы Өксікбаев Мырзабай, Жаңабаев Сатыбалды ағаларымыз қатысты.  Тәрбие ісі жөніндегі орынбасар Жақашова Айнұр атқарылған жұмыстар жөнінде бейнероликтер көрсете отырып баяндама жасады. «Ендігі мақсат – қазақ отбасындағы әкенің статуысын қайтару», «Ер азаматтың беделі оның табысында», «Әке – баланың қорғаны» тақырыбындағы баяндамалар жиналысқа қатысушыларға оң әсерін тигізіп, ортаға өз пікірлерін айтуға ықпал етті. Алдағы уақытта жалпы ата-аналар жиналысына әкелер қатысу керек деген ұйғарымға келді. Өмірден көргені мен түйгенін дәріптеген Өксікбаев Мырзабай ағай көпшіліктің алғысына бөленді. Жиналысты мектеп басшысы Ә.Әріпбеков қорытындылап арнайы топ пен барлық қатысушыларға  «Әкелер мектебінің» жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқықбұзушылықтың алды алынып, салт-дәстүр мен ұлттық құндылықтарды дәріптеуде алатын орны ерекше екендігі жайлы жеткізді.

ҮЗДІК ЗАМАНАУИ ЖАС МАМАН – 2021

WhatsApp Image 2021 11 20 at 14.33.37 (1) 8d269ea1

Ө.Жәнібеков атындағы №4 жалпы орта лицей-интернатында жас ұстаздардың біліктілігін, жан-жақты өз кәсібінің шебері екендігін сынау арқылы, оларды іскерлікке, мәдениеттілікке, өз кәсібіне үлкен жауапкершілікпен қарауға бар күш жігерін жұмсауға баулу мақсатында «Үздік заманауи жас маман – 2021» байқауы өткізілді. «Өзін-өзі таныстыру», «Өнерлінің өрісі кең», «Білікті маман – Ел тірегі», «Мамандығым – мақтанышым», «Үздік сабақ», «Мамандығым мақтанышым» турларынан тұрған сайыста жас мамандар болашақтарынан үлкен үміт күттіретіндерін көрсетті.

ҮЗДІК ПЕДАГОГ – 2021

WhatsApp Image 2021 11 16 at 09.44.47 f5493b52

Аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің 2021 жылғы 15 қазандағы №23 бұйрығына сәйкес мектепішілік шығармашылықпен жұмыс жасайтын педагогтердің біліктілігін айқындау, олардың ғылыми-әдістемелік қызметін ынталандыру, білікті және белсенді ұстаздарға қолдау көрсету, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне – 30 жыл» мерекесін кәсіби педагогикалық қызметіндегі       іс-тәжірибелерін насихаттау және жоспарлы жұмыстарды іске асыру мақсатында «Үздік педагог – 2021» байқауы өткізілді.

БҮГІНГІ МЕКТЕП ТҮЛЕГІ – ЕРТЕҢГІ ЕЛДІҢ ТІРЕГІ

WhatsApp Image 2021 11 16 at 13.00.10 ed2c4c93

Мектеп бітіруші түлектерді ҰБТ-ға дайындау кезінде оқушылардың бойына сенімділікті қалыптастыру. Оқушылардың бойындағы белсенділікті арттыру,                  өзін-өзі бағалау деңгейін жоғарылату, қобалжу сезімдерімен күресе білуге үйрету мақсатында “ Бүгінгі мектеп түлегі- ертеңгі елдің тірегі” тақырыбында мектеп психологы Төлегенова Ләззаттың ұйымдастыруымен психологиялық тренинг сабақ өткізілді.