KitapXAH@ жеңімпаздары

WhatsApp Image 2021 12 29 at 08.51.01 7331e459

Пайда ойлама, ар ойла,
Талап қыл артық білуге.
Артық білім кітапта,
Ерінбей оқып көруге.

Абай Құнанбайұлы

         Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының «Білім беруді дамыту орталығының» ұйымдастыруымен қазан айынан бастау алған «KitapXAH@» облыстық жаңа жобасының кітап оқу сайысының апталық, айлық кезеңнің жеңімпаздары анықталып, нәтижесінде әріптестеріміз қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің педагог-зерттеуші мұғалімі Әбдіразаққызы Рәзия мен жас маман Кәдірбек Балжан жылдық кезеңге жолдама ала отырып марапатталды.

Нұрайым жарайсың!!!

WhatsApp Image 2021 12 27 at 16.43.27 41806aa9

Ө.Жәнібеков атындағы №4 жалпы орта лицей-интернатының 7 “А”  сынып оқушысы, шәкіртім Құрбан Нұрайымның спорттың taekwondo түрінен Нұр-Сұлтан, Қызылорда, Шымкент, Түркістан, Шардара қалаларында өткен республикалық, облыстық жарыстарда топ жарып алған жүлделеріне қарап, болашақта олимпиада чемпионы боларына үміттенесің, дәлірек айтқанда сенеміз!!!

ЕЛІМНІҢ БАҚЫТЫН ТЕРБЕТКЕН – ТӘУЕЛСІЗДІК

00

Ө.Жәнібеков атындағы №4 жалпы орта лицей-интернатында 2021 жылғы 24 желтоқсан күні Тәуелсіздіктің 30 жылдығына, Ө.Жәнібековтың 90 жылдығына орай қосымша білім беру педагогы А.Мәуленқұловтың ұйымдастыруымен, үйірме жетекшілері А.Әжімұратов, Ж.Арысбаев, С.Абдуллаев, Н.Әуелбекұлы, А.Жұманова, С.Дулатова, А.Есенәлиева, Ж.Саттарқұлова, Н.Смайлов, Ж.Сындарқұлова және М.Сұлтанова 256 үйірме мүшелерін қатыстыра отырып «Елімнің бақытын тербеткен – Тәуелсіздік!» тақырыбында мерекелік кеш өтті. Үйірме жетекшілеріне шәкірттеріңізге үйретерлеріңіз көп болсын, шәкірттерге жеңіс тұғырынан көрінулеріңіз көп болсын дейміз!!!

Әліппе, саған мың алғыс

WhatsApp Image 2021 12 22 at 11.22.52 ad52a2c3

 Оқушылардың сауат ашу пәнін оқу барысында алған білімдерін қорыту, төрт айдың ішінде мектеп қабырғасында үйренген өнерлері мен іскерліктерін ата – аналарға көрсету. Өз ойларын ашық, еркін айту, сөйлеу мәдениетін, ойлау қабілеттерін, жан – жақты білімдерін, шығармашылық, танымдық қабілеттерін дамыту, талғамдарын дамыту. Білімге деген сүйіспеншіліктерін, білім алуға, өнерге деген құштарлықтарын арттыру. Адамгершілікке, ұқыптылыққа, бірін — бірі сыйлауға, өзін — өзі дұрыс ұстауға, ұжымшылдыққа, әсемдікке, еңбекке баулу, ана тілін сүйіп, қастерлеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Қазақ әліпбиі,суреттер, нақыл сөздер, «Әліппе», «Ана тілі»оқулықтарының мұқабасы, шарлар.

1 “А” сынып жетекшісі: М. Қасетова

АНГЕЛИНАНЫҢ АЛАР АСУЫ АЛДА…

WhatsApp Image 2021 12 21 at 16.46.26 d2904480 e1640085353705

Ө.Жәнібеков атындағы №4 жалпы орта лицей-интернатының 9-сынып оқушысы Валяева Ангелина Викторовна бүгінгі күнге дейін спорттың дзюдо, самбо, қазақша күрес, белбеу күресі, жеңіл атлетика, баскетбол, волейбол, футбол және гандбол түрлерінен аудандық, облыстық, республикалық додаларда жүлделі болып жүрген шәкіртіміз. Ангелинаның негізгі орта білімнен кейін спорт мектебіне түсіп, болашақта «Ұлылар мекені, ойшылдар отаны – Отырардан» шыққан олимпиада чемпионы болсам деген арманына ниеттес болдым.