ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!!!

WhatsApp Image 2021 12 15 at 09.10.10 4237561f

 

 «Бүгінгі біздің тәуелсіздігіміздің қайнар көзі – қазақ халқының сан ғасырлар бойғы күресінде, азатыққа ұмтылған қайсарлығында жатыр» деп Елбасымыз айтқандай, сол уақытта ата-бабамыз атқа қонып елімізді, жерімізді қорғамаса, азаттығымыз үшін күреспесе бұл тәуелсіздікке қол жеткізе алар ма едік? Қайсар да батыр бабаларымыз болмаса бейбіт күннің ақ таңын сезіне алар ма едік? Арыға бармай-ақ, кешегі 1986 жылы орын алған желтоқсаншы жастар болмаса осы күнге жетер ме едік? Жоқ, олардың отан сүйгіштігі болмаса, ұлтжандылығы болмаса осы күнге жету жетпеуіміз екіталай еді. Солай ғой, сондықтан ең бірінші тәуелсіздікке қол жеткізу жолында жанын берген, қанын берген ата-баба аманатын біздер қастерлеуге міндеттіміз. Ата-бабалар әруағына мың тағзым!

ТӘУЕЛСІЗДІККЕ 30 ЖЫЛ

WhatsApp Image 2021 12 15 at 09.10.15 a3af509a

«Тәуелсіздік» сөзінің өзі жанымызға жылу, бойымызға күш, қуат береді. Тәй-тәйлаған баладай басқан адымдарын санап, 4-5 жасында өз-өзіне қарап, 10-15 жасында пайдаға ісі жарап, 20-25 жасында өсіп-өніп, аты әлемге тарап, етек-жеңін жинап, бар әлемді мойындатып, Тәуелсіздіктің бесігінде 30 жыл тербелген қазақ елі, 30 жылдық тәуелсіздігің құтты болсын!
Желтоқсанның ызғары да, қатып калған мұздары да, қазақ жастарын қорқыта алмады, қайсарлықпен бодандыққа қарсы тұрған желтоқсаншы жастарға бас иеміз! Ата-бабалардың аңсауымен, желтоқсаншы жастардың қайсарлығымен Тәуелсіздік есіктен еніп, жанымызға шаттық сыйлағалы міне 30 жыл, 30 жас. Отыз жылда ел жаңа, еліміз көркейіп, жеріміз жандануда, бар әлемнің назары біздің елімізде. Қазақстанды бүкіл әлем таниды десек қате айтқанымыз емес. Аз уақытта бойын тіктеп, басқа шет елдерге үлгі бола білген еліміздің 30 жылдығы, 30 жасы құтты болсын қазақ елі! Қазақтығымыз бітпесін, азат күніміз бітпесін! Қазақ тіліміздің тұғыры берік боп, елдігіміз жандана берсін! 30 жылдығың 100 жылдыққа ұласып, шаттығың мен бақытың ортаймасын! Қазақ елі жасай берсін! Қазақстан жасай берсін!

ТӘУЕЛСІЗДІК БЕЛЕСТЕРІ

WhatsApp Image 2021 12 13 at 18.02.32 (1) 669bb6e9

Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың «Оқуға құштар мектеп»  жобасы аясында, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Ө.Жәнібеков атындағы №4 жалпы орта лицей-интернаты кітапханасында кітапханашы Нұрмаш Гүлбарам мен тарих пәнінің мұғалімі Бердиярова Майраның ұйымдастырымен 8-сынып оқушыларының  қатысуымен, Қазақстан Республикасы туралы, оның Тәуелсіздігі туралы мәлімет беру. Тәуелсіздікке  қалай  жеткенін баяндау, оқушыларды өз елін сүюге, қастерлеуге, осы елдің ұланы екенін мақтан етуге баулу, өз ана тілін сүюге, әдемі сөйлеуге үйрету. Оқушыларға тәуелсіздіктің ұғымы түсіндіру. Еліміздің егемендік алғанынан бері жеткен жетістіктерін жеткізу. Еліне деген сүйіспеншілігін арттыру, әдет-ғұрып, салт-дәстүрді сақтап, әрі қарай жалғастыруға тәрбиелеу мақсатында «Тәуелсіздік белестері» атты тақырыптық кеш өткізілді.

ТУҒАН ЖЕР ЕЛІМНІҢ КӨРКЕМ БЕЙНЕСІ

WhatsApp Image 2021 12 08 at 18.01.04 b3c649aa

Ө.Жәнібеков атындағы №4 жалпы орта лицей-интернатында «Қазына» химия, биология және география пәндері мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінің «Тәуелсіздік жылдарындағы жаратылыстану ғылымдарының жетістігі» тақырыбындағы онкүндік жоспарына сәйкес география пәнінің мұғалімі Еркінбек Полатханның «Туған жер елімнің көркем бейнесі» атты оқушыларды жергілікті жердің табиғаты көркем, тарихи жерлерімен таныстыру саяхатынан көріністер.  

ТӘУЕЛСІЗДІК ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ЖЕТІСТІГІ

WhatsApp Image 2021 12 06 at 09.22.12 8d9c761f

Ө.Жәнібеков атындағы №4 жалпы орта лицей-интернатының 2021-2022 оқу жылына арналған өндірістік жоспарына сәйкес «Қазына» химия, биология және география пәндері мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінің 3-13 желтоқсан аралығында онкүндігі өтіп жатыр. Онкүндіктің жоспарында «Қазақ гидронимдері», «Жаһандық экологиялық мәселелер. Геоэкологиялық процестердегі географиялық заңдылықтардың рөлі», «Заттардың жіктелуі», «Жүрек қантамырлар жүйесінің аурулары», «Қазақстанның су ресурстарына экономикалық баға беру», «Ауа. Ауаның құрамы», «Қан топтары. Резус-фактор», «Сутек және оның қасиеттері» тақырыптарында ашық сабақтар мен сыныптан тыс іс-шаралар жоспарланған. Әдістемелік бірлестік жетекшісі, география пәнінің педагог-зеттеуші мұғалімі Әбішева Клара және де басқа әріптестерімізге алдағы уақытта кәсіби біліктілік пен шығармашылық табыстар тілейміз!!!