ТАУ ТҰЛҒА ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВ

WhatsApp Image 2022 01 24 at 11.10.54 9166882e

         Біздің ұлы тарихи жолымыз бар. біз қуатты, егемен елде өмір сүріп жатырмыз. Сақтап қаларлық дүниеміз бар. сондықтан біз алға, болашаққа нық сеніммен қараймыз. Мызғымас бірлігіміз бар.

Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев

         Құрметті жерлестер, замандастар!!! Ө.Жәнібеков атындағы №4 жалпы орта лицей-интернатының педагогы ретінде қазақ халқының ұлттық мәдениетінің, ана тілінің, дәстүрі мен әдет-ғұрпының жаңарып, дамуына елеулі үлес қосқан қайраткер, ғалым-этнограф Өзбекәлі Жәнібеков туралы «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» «Туған жер» бағдарламасы аясында Арысбек Тәжіұлының құрастырып шығарған ТАУ ТҰЛҒА ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВ кітабын оқуға кеңес беремін.

ШАХМАТ АТАУЫНЫҢ ШЫҒУ ТӨРКІНІ

WhatsApp Image 2022 01 24 at 10.26.47 577ebd7d

Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі жас маман Сүлейменов Қожахметтің «Шахмат» үйірмесіндегі шәкірттерімен

Шахмат 6-шы ғасырда ежелгі үнді ойыны кезінде шыққан. Оның атауы ежелгі және орта ғасырлардағы үнділердің әдеби тілінен аударғанда шахматтағы пешка, ат, піл және ладья ұсынылған жаяу әскер, атты әскер, піл және соғыс арбалары кіретін «әскердің төр бірлігі» деген мағына береді.

7-ші ғасырда бұл ойын Парсы жеріне келді және атауы шатранж деп өзгертілді. Шахмат сөзі дәл осы парсы тілінен шыққан. Ойыншылар «шахты» (парсы патшасы) жей отырып, қарсылас патшаға шабуыл жасаған. Ал «Шах мат» парсы тілінен «патша өлді» деген мағынаны білдіреді.

НАР ТҰЛҒАЛЫ ҚАЙРАТКЕР!

24a34792

Ө.Жәнібеков атындағы №4 жалпы орта лицей-интернат кітапханасында мемлекет  басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың  «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында 22 қаңтар күні 8-сыныптар арасында Қазақстанды басқарған ұлы тұлға  Дінмұхамед Қонаевтың 110 жылдығына орай ұлы тұлғаға арналған, «Нар тұлғалы қайраткер!» атты тәрбие сағаты өткізілді.

Мақсаты: Оқушыларға қазақ елінің біртуар азаматы Д.А.Қонаев туралы жан – жақты түсінік қалыптастыру, кемеңгер тұлғаның қоғамға және мемлекетке сіңірген еңбегі  туралы түсіндіріп білімдерін толықтыру. Ұлы тұлғаның халқына сіңірген еңбегін, ерлігін, қажырлы жүргізген саясатын үлгі ету, оқушылар бойына халқымыздың құндылықтарын сіңіріп тәрбиелеу.

«Ерім» дейтін ел болмаса, 
«Елім» дейтін ер қайдан болсын? ! Халықтың қалауына, ығына жығылған басшының басты мақсаты да осы болуы керек. Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев ел үшін қызмет етіп, аянбай тер төкті. Ол адалдықты, шындықты ту еткен, халық үшін қалтқысыз қызмет еткен адал перзент. 

Ұлы Димашты бола ма, ұмытуға,
Ол – кемеңгер, ғажайып ұлы тұлға!
Жалғыз өзі жарады қапас күнде,
Ұлан байтақ даланы көркейтуге

 Атақ – даңқы аңыз болған талайға,
Димекеңе баға беру оңай ма?
Ешкімге көмегін аямаған,
Халқы сол үшін оны бағалаған,

– деп, Ораз Қауғабай ағамыз жазғандай, Д. А. Қонаев атамыз халқы сыйлаған, ардақтаған ғасыр азаматы еді. Халқымыздың біртуар азаматы Д. А. Қонаевтың есімі жылдар өтсе де, әр қазақтың жүрегінде мәңгі сақталады. Бұл күндері Қазақстанның әр қаласында Димекеңнің атымен аталатын көшелер, мектептер, жоғарғы оқу орындары көптеп кездеседі. Дінмұхамед атымен аталатын жас ұрпақ та желкілдеп өсіп келеді.Иә, қазақ халқы бар жерде Димаш атаның есімі ұмытыла қоймас. Елдің мәңгі есіндесіз, қазақтың асыл перзенті, Димаш ата!

Ұйымдастырушылар: Кітапханашы Нұрмаш Гүлбарам, география пәнінің мұғалімі Мәжитов Арыстан

ХХІ ҒАСЫР НАҚТЫ ҒЫЛЫМДАР ҒАСЫРЫ

WhatsApp Image 2022 01 20 at 09.45.23 2459b282

         Ө.Жәнібеков атындағы №4 жалпы орта лицей-интернатында әдістемелік жоспарға сәйкес математика және информатика пәндерінің «Зерде» әдістемелік бірлестігінің 20 қаңтар мен 5 ақпан аралығындағы «ХХІ ғасыр нақты ғылымдар ғасыры» тақырыбындағы онкүндігі басталды. Онкүндік барысында білім алушылардың білім сапасын арттыру мақсатында математиктер үлгілі ашық сабақтар, түрлі деңгейдегі сыныптан тыс іс-шаралар өтеді. Бүгінгі таңда өткен онкүндіктің ашылу салтанатында барлық сыныптардағы шәкірттеріміз жалпы математикалық ұғымдарды, формулаларды тәтті өнім арқылы бейнелеп көрсетіп ұстаздарын таңдандырды.

БІЛІМДІ ҰРПАҚ ТӘРБИЕЛЕУ – БАСТЫ МІНДЕТ

WhatsApp Image 2022 01 18 at 16.24.47 (1) 897722f5

Әлемге әйгілі Шығыстың ғұлама ойшылы Әбу Насыр Әл-Фараби «Ізгі және қажетті шаруа атқарған адамның бәсі де жоғары болуы керек.» деген екен. Сол айтқандай Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен әсіресе білім саласында жүрген біздер үшін де үлкен парыз жүктелді. Халық даналығындағы «Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар» ұғымы дәл қазіргі кезеңге сай келіп отыр. Әрбіріміздің алдымызда тұрған басты міндеттің бірі – салауатты, саналы, білімді, ақыл-парасаты мол және ғылыми-мәдени өрісі кең ұрпақ тәрбиелеу екендігін президентіміз ерекше атап өтті. Сондықтан да интеллектуалды ұрпақ қалыптастыру бойынша берген тапсырмасын жұмыла абыроймен атқарамыз деген сенімдемін.