БІЛІМДІ ҰРПАҚ ТӘРБИЕЛЕУ – БАСТЫ МІНДЕТ

WhatsApp Image 2022 01 18 at 16.24.47 (1) 897722f5

Әлемге әйгілі Шығыстың ғұлама ойшылы Әбу Насыр Әл-Фараби «Ізгі және қажетті шаруа атқарған адамның бәсі де жоғары болуы керек.» деген екен. Сол айтқандай Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен әсіресе білім саласында жүрген біздер үшін де үлкен парыз жүктелді. Халық даналығындағы «Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар» ұғымы дәл қазіргі кезеңге сай келіп отыр. Әрбіріміздің алдымызда тұрған басты міндеттің бірі – салауатты, саналы, білімді, ақыл-парасаты мол және ғылыми-мәдени өрісі кең ұрпақ тәрбиелеу екендігін президентіміз ерекше атап өтті. Сондықтан да интеллектуалды ұрпақ қалыптастыру бойынша берген тапсырмасын жұмыла абыроймен атқарамыз деген сенімдемін.

PISA – ОҚУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМІ МЕН БІЛІКТІЛІГІН БАҒАЛАУДЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ

WhatsApp Image 2022 01 18 at 11.43.00 64859c52

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Ұлттық білім берудің сапасын бағалау орталығы, экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы Ө.Жәнібеков атындағы №4 жалпы орта лицей-интернатының 15 жасқа толған 91 оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту мақсатында: Халықаралық оқушылардың білім алу жетістіктерін бағалау рәсімін өткізді. Рәсімге аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің әдіскері Есенәлиева Роза әріптесіміз басшылық жасады. Бұл 15 жастағы оқушының құзырлылығының даму деңгейін анықтауға арналған диагностикалық құрал. Бұл жаста көп елде мектептегі  міндетті білім тәмамдалады.  PISA халықаралық зерттеуі барлық білім беру ұйымдарындағы   15-жастағы оқушылардың оқу, математика және жаратылыстанудан білім жетістіктерін анықтауды мақсат етіп қояды. Зерттеу оқушылардың қабілеттерін емес, ол оқу барысында меңгерген білімдері мен дағдыларын өмірлік жағдайларда қолдана білу ептіліктерін бағалауға бағытталған.