PISA – ОҚУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМІ МЕН БІЛІКТІЛІГІН БАҒАЛАУДЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ

WhatsApp Image 2022 01 18 at 11.43.00 64859c52

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Ұлттық білім берудің сапасын бағалау орталығы, экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы Ө.Жәнібеков атындағы №4 жалпы орта лицей-интернатының 15 жасқа толған 91 оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту мақсатында: Халықаралық оқушылардың білім алу жетістіктерін бағалау рәсімін өткізді. Рәсімге аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің әдіскері Есенәлиева Роза әріптесіміз басшылық жасады. Бұл 15 жастағы оқушының құзырлылығының даму деңгейін анықтауға арналған диагностикалық құрал. Бұл жаста көп елде мектептегі  міндетті білім тәмамдалады.  PISA халықаралық зерттеуі барлық білім беру ұйымдарындағы   15-жастағы оқушылардың оқу, математика және жаратылыстанудан білім жетістіктерін анықтауды мақсат етіп қояды. Зерттеу оқушылардың қабілеттерін емес, ол оқу барысында меңгерген білімдері мен дағдыларын өмірлік жағдайларда қолдана білу ептіліктерін бағалауға бағытталған.

АЯЖАН АЛҒЫСЫМЕН КЕЛДІ

фф

Ө.Жәнібеков атындағы №4 жалпы орта лицей-интернатының 2020 жылғы түлегі, ең жоғары 124 балл жинаған, «Алтын белгі» иегері, бүгінгі Сүлейман Демирел атындағы университеттің «Бизнес мектебі» факультетінің, «Қаржыгер» мамандығы бойынша ІІ курс студенті Асқарова Аяжан Асқарқызы жоғары білім алып жатқан оқу орнының ректоры Д.Э.Гаиповтың атынан мектеп ұжымына, мектеп директоры Әріпбеков Әділхан Әсілханұлының атына «АЛҒЫС ХАТ» әкеліп, биылғы бітіруші түлектермен оқу орнының тәжірибесімен бөлісті.