“Болашақ -балалар көзімен”
Ө.Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернаты
Түркістан облысы Отырар ауданының білім бөлімі
Мақсаты: оқушыларға мерекелік көңіл –күй сыйлай отырып, тапқырлық, ұшқыр қиял арқылы әзіл әлемінде қалықтауға бейімдеу, бір-бірімен еркін араласуға, достық қарым-қатынастарын жетілдіру арқылы сахна мәдениетін меңгерту болды. Сайысқа “Жаңа ғасыр жастары”, “Фараби” , “Құрдастарс”, «Дарын жастары» , «Жұлдызды жігіттер» , «Пирамида» командалары қатысты. Сайыстың шарттары «Сәлемдесу», «Жамбы ату» және «Үй тапсырмасы» бөлімдерінен құралды. Сайыс соңында команда бойынша 10 «В» сыныбынан құралған «Жұлдызды жігіттер» командасы I дәрежелі дипломмен, 9 «В» сыныбынан құралған «Дарын жастары» командасы II дәрежелі дипломмен, 8«В» сыныбынан құралған «Жаңа ғасыр жастары» III дәрежелі дипломмен марапатталды. Ойын соңында өз өнерімен белсенділік танытып, көзге түскені үшін 10 «В» сынып оқушысы Қуанышбек Мұхаммеджанға, 8 «В» сынып оқушысы Қайыпов Ақтөреге «Үздік ойыншы» номинациясы берілді.
Зертханашы мұғалімдерге сабақтардың, сыныптан тыс сабақтарды жүргізуге көмектеседі. Күн сайын сабақтың басталу уақытына дейін оқушылардың жұмыс орнын, газдың және судың, электр жүйелері мен электр құрал-жабдықтарының жай-күйін тексереді, анықталған кемшіліктер немесе жөнделмеген ақаулар туралы мұғалімге баяндайды. Зертхананың жұмыс істеуін, мүлкінің сақталуын, оқу және зертхана кабинеттерінің тазалығы мен тәртібін, жанатын, улы заттарды, зертханалық жабдықтарды оқу процесінде пайдалану және сақтау кезінде қауіпсіздік техникасы ережелерінің сақталуын қамтамасыз етеді. Кабинетте зертханалық жабдықтардың барлық түрлерін пайдалану дағдыларын меңгереді, жарақаттанушыға дәрігерге дейінгі көмекті көрсетеді, өртке қарсы жұмыс жүргізеді, өртке қарсы пайдаланылатын құралдар мен мүліктердің жай-күйіне және сақталуына, желдетпе жүйесінің, газбен жабдықталудың жай-күйіне бақылауды жүзеге асырады. Зертханалық және практикалық жұмыс жүргізудің қауіпсіздік техникасының сақталуын қамтамасыз етеді. Эксперименттерді орындау барысында дайындық және көмекші операцияларды, бақылауды, өлшемдер нәтижелерін, жұмыс журналдарын толтыруды, талдаулар, зерттеулерді әдістемелік құжаттарына сәйкес жүйелейді және ресімдейді.
Ө.Жәнібеков атындағы №4 жалпы орта лицей-интернатында әдістемелік жоспарға сәйкес ағылшын тілі және орыс тілі мен әдебиеті пәндерінің «Лингвист» әдістемелік бірлестігінің 7 ақпан мен 28 ақпан аралығындағы «WELCOME TO ENGLISH WORLD» тақырыбындағы айлығы басталды. Айлық барысында білім алушылардың білім сапасын арттыру мақсатында ағылшын тілі және орыс тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімдері үлгілі ашық сабақтар, түрлі деңгейдегі сыныптан тыс іс-шаралар өтеді.
Ана тілің – арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте!
деп Қадыр Мырза Әли жырлағандай, әріптестерімізге «Бүкіл әлемдік тіл – ағылшын тілін» үйретуде аянбай еңбек етіңіздер дейміз!!!
Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына арналған жолдауындағы білім саласына байланысты бағыттарын мектеп педагогтары арасында кеңінен насихаттауда мақсатында өткен іс-шаралардың жоғары деңгейде өтуіне қолдау көрсетіп отырғаны үшін ҚР БҒМ Ғылым комитеті Мемлекет тарихы институтының директоры Е.А.Әбіл, Нұр-Сұлтан қаласы, Білім беруді жаңғырту орталығының директоры С.М.Дауешова, «Bilim-Orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының директоры А.Б.Сатылғанов, «Қазақстан Білім менеджерлері» республикалық ғылыми-әдістемелік педагогикалық журналының бас директоры Б.Тұяқбаев және «Тағылым» республикалық ғылыми-әдістемелік журналының бас директоры Ғ.Тұяқбаевтардың атынан мектеп басшысы Әріпбеков Әділхан Әсілханұлының атына «АЛҒЫС ХАТ» келді. Әріптестер кәсіби шеберліктеріңіз арта берсін!!!