ҮЗДІК ПЕДАГОГ – 2021

WhatsApp Image 2022 02 04 at 16.42.28 dfb0885c

Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты бағдарламалық мақаласын білім беру ұйымдарының педагогтары арасында кеңінен насихаттау мақсатында өткен «ҮЗДІК ПЕДАГОГ – 2021» атты республикалық байқауға қатысып І дәрежелі ДИПЛОММЕН марапатталған әріптесіміз қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің педагог-зерттеуші мұғалімі Құламова Жайна Нұртайқызын құттықтаймыз. «Ұстаздан шәкірт озар» дегендей шәкірттеріңізді білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие, бағыт-бағдар беруде еңбегіңіз зор екенін айта келе, білімді де, білікті шәкірттеріңіз көп болсын дейміз!!!

БІЗДЕР БИІКТЕРДІ БІРГЕ БАҒЫНДЫРАМЫЗ

WhatsApp Image 2022 02 02 at 18.09.25 27f8e63b

Бүгінгі күні бірінші сыныпта оқитын бүлдіршіндер 2032 жылы бітіруші түлек атанады екен, Құдай қаласа 2036 жылы жоғары оқу орнын бітіріп, ақпарат пен технологияның күн санап даму ғасырында нағыз маман болатындары анық. Дәлірек айтқанда сіз бен біз сол үшін «Сапалы білім, саналы тәрбие» беруде аянбай еңбек етуге міндеттіміз!!!

СҮЙІСПЕНШІЛІК ЖОЛЫНДАҒЫ ӨМІР

WhatsApp Image 2022 02 01 at 17.57.48 5f640cfe

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2022 жылғы 26 қаңтардағы №3-15-6/267-И хатына, облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының 31.01.2022 жылғы №42-01-11/394 хатына, аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің 01.02.2022 жылғы №229-11-01-01/101 хатына  сәйкес, 2022 жылғы 1-11 ақпан аралығында «Өзін-өзі тану: Сүйіспеншілік пен Шығармашылық педагогикасы» атты дәстүрлі онкүндігі басталды.

Онкүндік барысында өзін-өзі тану пәнінің мұғалімдері Г.Базарбек, А.Жақашова, Ш.Нұржанова, Қ.Жоребекова, А.Нұрбекова «Сүйіспеншілік жолындағы өмір» тақырыбында сабақтар, сыныптан тыс іс-шаралар өтеді.