“Титандар шайқасы”

WhatsApp Image 2022 03 19 at 17.17.08 45e342ef

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы Түркістан қаласындағы химия-биология бағытындағы “Назарбаев Зияткерлік мектебі” ДББҰ-ның ұйымдастыруымен бүгін 19 наурызда ” Жасанды интеллект және мехатроник ” айтты байқауда “Титандар шайқасы” байқауына қатысып, мектебіміздің шәкірті 9 сынып оқушысы Иса Мұхаммед жүлделі ІІІ орын иеленді, жетекшісі информатика пәнінің мұғалімі Әуелбекұлы Нұрсұлтан. Шәкіртіміз зияттың жоғары деңгейінде дамысын. Ұстазына шығармашылық табыс тілейміз.

“Ұлдан ұлағат,қыздан инабат”

276121514 1588715188179875 4470431288055470095 n 8370d1c4
Ө.Жәнібеков атындағы лицей-интернатта 5 “ә” сыныбының ұйымдастыруымен “Ұлдан ұлағат,қыздан инабат”атты тәрбиелік іс-шара өтті.Оқушыларды ынтымақшылдыққа,қайырымдылыққа ,әдептілікке ,инабаттылыққа ,кішіпейілдікке тәрбиелеп, ұлттық ізгі дәстүрімізді насихаттау мақсатында өтілген шарада отбасы,ұл мен қыз тәрбиесі туралы,ұлағатты ғибрат тар,ізгі дәстүрлеріміз терең айтылып,сахналық көріністер көрсетілді.Әуелеген әсем әндер мен ұл-қыздардың биі іс-шараны көріктендіре түсті,ата-аналардың қатысуы қуантты.”Ұл тәрбиелей отырып,жер иесін ,қыз тәрбиелей отырып ,ұлтты тәрбиелейміз”-деп бекер айтылмағаны анық. Ұлдарымыз ұлағатты,қыздарымыз инабатты болып,өнерлері өрлей берсін!

“Білім жолы басталған, бастауышым- бастамам”

275668146 1587803771604350 5045470121982183272 n 0e5a78e5
“Ө.Жәнібеков атындағы N4 жалпы орта лицей-интернаты” КММ “Балдәурен” әдіс бірлестік 2021-2022 оқу жылының 01-31 наурыз аралығында өткізілетін “Білім жолы басталған, бастауышым- бастамам” тақырыбындағы айлық жоспарын басшылыққа ала отырып, 15 наурыз күні 2 “А” сынып жетекшісі Әжіханова Айнагүл ата аналармен бірге “Ананың алақаны – балаға айдынды қоныс” тақырыбында тренинг сабақ өтті. Тренинг сабақтың тақырыбы мен мақсаты, тренинг бағдарламасын ата-анларға таныстырып өтті. “Шөл қандыру” әдісі арқылы тоқа бөлінді. Ата-аналар өз ойларын ашық, еркін жеткізе отырып алған әсерлерімен бөлісті.
Тренингке мектеп психологы Бейссева Құралай апай мен ДОІЖО Жетпісбаева Гүлзира қатысты.

Ауданымызда өткен 14-22 ақпан аралығында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық пәндік олимпиаданың аудандық (ІІ) кезеңі болып өтті.

275568603 1587361588315235 3270110714821095965 n 2dd24b6f

Ө.Жәнібеков атындағы №4 жалпы орта лицей-интернатынан 12 пәннен 32 оқушы қатысып, нәтижесінде 20 оқушы, ІІІ орын 3 оқушы, ІІ орын 5 оқушы марапатталды және облыстық (ІІІ) кезеңге 12 оқушы жолдама алды. Атап айтар болсақ биология пәнінен 9-сынып оқушысы Әсілхан Ақдидар (жетекшісі Абсаттарова Қ), химия пәнінен 9-сынып оқушысы Бортан Алтынай (жетекшісі Бұйрабай М), физика пәнінен 9-сынып оқушысы Қалдыбай Гүлжазира, 11-сынып оқушысы Дүйсенбек Руслан (жетекшісі Пәзілбеков Ғ), математика пәнінен 9-сынып оқушысы Әбдірахман Жаннұр, 11-сынып оқушысы Рысбайқызы Жанна (жетекшісі Мылтықбаева А), география пәнінен 9-сынып оқушысы Бакрамбек Адина (жетекшісі Абишова К), информатика пәнінен 10-сынып оқушысы Бөлегенова Аяулым (жетекшісі Айдарбек Н), қазақ тілі пәнінен 10-сынып оқушысы Қалдыбай Алмажан, 11-сынып оқушысы Өтен Думан (жетекшісі Мамырайымова Ұ), ағылшын тілі пәнінен 10-сынып оқушысы Сағынтайқызы Диана (жетекшісі Мықтыбекова Н), құқық пәнінен Қалаш Нұртөре (жетекшісі Канибекова И) аудандық кезеңнен үздік деп танылды.

Бөлме гүлдерін көбейту.

2022 03 11 16 55 03 35354c73
Мақсаты:Өсімдіктер туралы білімдерін кеңейте отырып, атауларын, құрылымын ажырата білуге үйрету. Танымдық қабілеттерін дамыта отырып,гүлдерді күтіп,баптау ережелерімен таныстыру.Табиғатты қорғауға, ұқыптылыққа, әдемілікке, бастаған ісін аяқтай білуге тәрбиелеу
Көркем еңбек пәнінің мұғалімдері:
Асылбекова Қ.
Сынабек Р.