ӘР ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ БОЛАШАҒЫ ӨЗ МЕКТЕБІНДЕ ШЫҢДАЛАДЫ

WhatsApp Image 2022 04 23 at 18.58.21 f4a26fb7

Ө.Жәнібеков атындағы    №4 жалпы орта лицей – интернатында  апта көлемінде, білім жолындағы «Сүйінші» дер тұсымыз  көп болуда. Пәндік олимпиадада құқық  пәнінен облыстан оза шапқан 10 «В» сыныптың Қалаш Нұртөре сынды оқушымыз пәндік олимпиаданың  республикалық  кезеңінен де  жүлделі 2-орынды иеленді. 

Қалаш Нұртөре шәкіртіміз  2020-2021 оқу жылында құқық  пәнінен «Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінен» ІІІ дәрежелі диплом алса,  ал 2021-2022 оқу жылында құқық  пәнінен «Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінен» І дәрежелі дипломмен марапатталып, пәндік олимпиаданың  республикалық  кезеңінен де  жүлделі 2-орынды иеленді.

Маслоудың қажеттіліктер иерархиясының 5 деңгейдегі «Өзін-өзі таныта білу –дарын, қабілеті мен әлеуетін толық көрсете білу » деген қағидасын шәкіртіміз аңғартты. Бұл қажеттілікте өзін-өзі көрсету басты мақсат болғанымен, бастаған жұмысты аяқтағаннан алатын рахат сезімі мен импульстарды бақылауды жатқықызуға болатынын  дәлелдеген шәкіртіміз Нұртөренің алар асу әлде алда деп ойлаймыз!

Құқық пәні мұғалімі Қаныбекова Индира әріптесіміздің еңбегі «Сапалы және табысты  оқытудың» нәтижесі екендігін аңғартады.  Шәкірт ұстазға қарап өседі. Оқушыны білімге қызықтырып, өз әлеміне баурап алу үшін ұстазға дариядай терең білім, биік парасаттылық, еңбекқорлық керек. Құқық пәні мұғалімі Қаныбекова Индираны үлкен нәтижесімен құттықтаймыз.

«Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды» дегендей, мағыналы, өнегелі тәрбие мен сапалы білім беруде мектеп ұжымы. Әр жеке тұлғаның  болашағы өз мектебінде шыңдалады. Ертең осы елге ие болып, тәуелсіз еліміздің тізгінін ұстар азаматтар – бүгінгі мектеп оқушылары.

Қалаш Нұртөре шәкіртіміздің  оқудағы  жетістігі мен талабы үшін ата – аналарына мың алғыс айтамыз.

Зият жалғыз да тұрақты ішкі қызмет емес, керісінше ол қоршаған орта ықпалына бейім түрлі компоненттерден тұрады .

206fadc9 d617 4361 b5a7 f9e4150804e5 fc2eeaf1

    Ө.Жәнібеков атындағы  № 4 жалпы орта лицей – интернатының 10 «В» сынып оқушысы Қалдыбай Алмажан пәндік олимпиаданың облыстық кезеңінде жүлделі 1-орын алса,  «Ахмет Байтұрсынұлы – ұлтымыздың ұлы ұстазы»  байқауында ауданнан  оза шауып, облысқа жолдама алды. Ең үздік шығарма жазу байқауында үздік танылып, облыстық жүлдемен оралды. «Білімнен басқа нәрседен оздым деу бекершілік»  – екенін дәлелдеген шәкіртіміз Алмажанның алар асу әлде алда деп ойлаймыз! 

Ренцуллин мен Райстың дарынды және талантты балалар күрделі қабілеттің иелері, әрі олар адам қызметінің кез келген құнды саласында өз қабілеттерін көрсетуге бейім деген ұғымын дәлелдеп дәйектеді мектебіміздің шәкірті.

 «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» демей ме қазағым. Шәкіртінің зейінін ашқан қымбатты ұстазы Ұлбала Әбдуайтқызына шығармашылық табыс тілейміз!  Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Ұ.Мамырайымоваға  үлкен сәттілік тілейміз!