АШЫҚ ЕСІК КҮНІ

6

Отырар ауданы Ө.Жәнібеков атындағы жалпы орта мектепинтернатында «Ашық есік» күні өткізілді. АтааналарАуылдық аймақтардағы тірек мектептерінің әлеуетін арттыруқайырымдылық жобасы аясында жабдықталған

Qazaqstan halqyna қоғамдық әлеуметтік қоры,aitas.kz холдинг компаниясы

Beeline Қазақстан,

Nazarbayev Intellectual Schools NIS Назарбаев Зияткерлік мектептері ДББҰ Білім саласын тұрақты дамыту қорынан заманауи жабдықталған құрылғылармен, оқушылардың күнделікті тыныс тіршілігімен танысып қорытынды сәтте балалар өнерін тамашалапҚауіпсіз болашақ! Балаларды бірігіп қорғайықтақырыбында жиналыс өткізіліп атааналар өз пікірлерімен бөлісіп ризашылықтарын білдіріп тарқасты.

« Болам деген баланың, бетін қақпа белін бу »

5

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңге мектебімізден 11 оқушы, математика пәнінен 10-сынып оқушысы Әбдірахман Жаннұр (жетекшісі Мылтықбаева А), физика пәнінен 10-сынып оқушысы Қалдыбай Гүлжазира (жетекшісі Пәзілбеков Ғ), химия пәнінен 11-сынып оқушысы Зәуірбек Фариза (жетекшісі Бакирова Ш), химия пәнінен 10-сынып оқушысы Бортан Алтынай (жетекшісі Бұйрабай М), биология пәнінен 10-сынып оқушысы Әсілхан Ақдидар (жетекшісі Молбаева А), информатика пәнінен 10-сынып оқушысы Иса Мұхаммед (жетекшісі Досан Л), ағылшын тілі пәнінен 11-сынып оқушысы Сағынтайқызы Диана (жетекшісі Мықтыбекова Н), орыс тілі пәнінен 9-сынып оқушысы Смайылов Нұрболат (жетекшісі Тұяқбаев Т), тарих пәнінен 11-сынып оқушысы Қыдырәлі Еркін (жетекшісі Мәулен Ж), құқық пәнінен 9-сынып оқушысы Қашқынбай Шапағат және 11-сынып оқушысы Қалаш Нұртөре (жетекшісі Қанибекова И) жолдама алып отыр.Оқушыларға алда болатын білім бәйгесінен оза шауып, биік белестерді бағындыра беріңдер деп сәттілік тілейміз!!!

БИІК БЕЛЕСТЕР БИІГІ – АЛАР АСУЛАРЫМЫЗ АЛДА

4

Қайбір істің болмасын, өткеніне тоқталып, алдағыға мақсат-міндеттер қойылатыны белгілі…

БҮГІН:

Түркістан облысы, Отырар ауданы, Ө.Жәнібеков атындағы №4 жалпы орта лицей-интернаты Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының ұсынысымен «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының, «Қазақстан халқына» қоғамдық әлеуметтік қоры, «Білім саласын тұрақты дамыту» қоры, Beeline Қазақстан және aitas.kz холдинг компаниясының қолдауымен «Ауылдық аймақтардағы тірек мектептерінің әлеуетін арттыру» қайырымдылық жобасы аясында 2500000 (екі жүз елу миллион) теңге көлемінде материалдық-техникалық базасы жабдықталды.

Мектебіміздің материалдық-техникалық базасы яғни 38 кабинет жабдықталды, оның ішінде 18 кабинетке led панель, АКТ залға led экран қойылды.

Осыған орай бүгінгі іс-шараға Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы, «Білім беруді тұрақты дамыту» қорының директоры Данияр Тоқтарбаев, менеджері Аслан Айтахметов, аудан әкімінің орынбасары Құлмаханова Айдос, аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Мұсатаева Жанат, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының, «Қазақстан халқына» қоғамдық әлеуметтік қоры, Beeline Қазақстан және aitas.kz холдинг компаниясының өкілдері, мектебіміздің ата-аналар комитетінің төрайымы Үмбет Шарипа, қамқоршылық кеңесінің төрағасы Асан Аралбай, мектеп директорлары және облыстық, аудандық БАҚ өкілдері қатысты.

КЕШЕ:

«Ауылдық аймақтардағы тірек мектептерінің әлеуетін арттыру» қайырымдылық жобасына ұсынар алдындағы Ресурстық орталық (тірек мектеп) бойынша жұмыстар

Отырар аудандық білім бөлімінің 2014 жылғы 30 қазандағы «Магниттік мектептер бекіту туралы» №225 бұйрығымен Ө.Жәнібеков атындағы №4 жалпы орта лицей-интернаты базасынан тірек мектеп (ресурстық орталық) құрылып, ресурстық орталыққа «Сарыкөл» және «Сырдария» ШЖНОМ–тері магнитті мектеп болып бекітілді.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Үздік ресурстық орталық» ІІ республикалық конкурсына қатысушы СЕРТИФИКАТЫ 2017 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының Ө.Жәнібеков атындағы №4 жалпы орта лицей-интернатына берілді.

Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасы, әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен «Шағын жинақталған мектеп проблемаларын Ресурстық орталық арқылы шешу механизмдері» тақырыбында 2018 жылы мектебімізде облыстық семинар өтті.

Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының ұйымдастыруымен Тараз қаласында өткен «Үздік ресурстық орталық» республикалық конкурсына қатысушы СЕРТИФИКАТЫ 2018 жылы Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Ө.Жәнібеков атындағы №4 жалпы орта лицей-интернатына берілді.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы ұйымдастыруымен Қарағанды қаласында «Жаңартылған білім беру мазмұны контексіндегі ресурстық орталықта оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудағы инновациялық тәсілдер» тақырыбында 2019 жылы өткен республикалық семинарға қатысып, тәжірибе алмасты.

Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының ұйымдастыруымен Павлодар қаласында өткен «Үздік ресурстық орталық» республикалық конкурста «Әлеуметтік серіктестік және ынтымақтастықты ұйымдастырудың үздік ресурстық орталығы» номинациясымен 2019 жылы Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Ө.Жәнібеков атындағы №4 жалпы орта лицей-интернаты марапатталды.

Түркістан облысы білім беруді дамыту орталығының Павлодар облысы білім беруді дамыту инновациялық орталығымен жасалған ұйымдар арасындағы өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы 2022 жылғы 02 ақпандағы меморандум негізінде Ө.Жәнібеков атындағы №4 жалпы орта лицей-интернатының және Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернатының педагогтерінің кәсіби шеберлігі мен шығармашылығын арттыру бойынша 2022-2023 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары бекітіліп, тәжірибе алмасу, әдіснамалық және оқу-әдістемелік қамтамасыз ету, өзара ынтымақтастықты ақпараттық қолдау, сүйемелдеу жұмыстары жүргізілуде.

ЕРТЕҢ:

Педагогикалық шеберлік орталығы, Шымкент, Түркістан қалаларындағы Назарбаев Зияткерлік мектептерімен серіктес бола отырып, «Білім алушыға бағдарланған білім беруді дамыта отырып, функционалдық сауаттылықты меңгерген, зияткерлік әлеуетті тұлға қалыптастыру» тақырыбындағы мектеп миссиясын басшылыққа алып, мақсат тұтып, аянбай еңбек етеміз!!!

Сағатқұлдың Талапжаны

Математика пәнінің педагог-зерттеуші мұғалімі

ART-studio

3

«Қазақстан халқына» әлеуметтік қоры және «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰмен бірлесіп «Ауылдық аймақтардағы тірек мектептерінің әлеуетін арттыру» жобасын іске асыру, еліміздегі ең үздік мектептермен тығыз серіктестікте ауыл мектептерінің тиімділігін арттыру, педагогтердің кәсіби шеберлігі мен шығармашылығын арттыру, мұғалімдерді дамыту және ауыл мектептерінің материалдықтехникалық базасын жабдықтау мақсаты бойынша Ө.Жәнібеков атындағы 4 жалпы орта лицейинтернаты ART-studio кабинеті толық жабдықталды. ART-studio кабинетіне келген құралжабдықтарды пайдаланып білім алушыларымыз өз шығармашылықтарын арттыруда. Мектебіміздің бейнелеу өнер пәнінің мұғалімі Одаманова Жайнақыз әріптесіміз дарынды және талантты балаларды оқыту дарынды және талантты балалар күрделі қабілеттердің иелері екендігі әрі олар адам қызметінің кез келген құнды саласында өз қабілеттерін көрсетуге бейім екендігіне көз жеткізіп жүр.

“Бәрін білгім келеді”

2

Бастауыш әдіс бірлестігініңБәрін білгім келедіатты айлық ісшарасының ашылуы болып өтті.Ашылуы барысында бастауыш оқу ісі жөніндегі орынбасары Жетпісбаева Гүлзира білім алушыларға сөз ілтипаттарын білдірді.

Ісшараға білім алушылар өз өнерлерін көрсетті.

Көркемсөз оқу,ән,би,спорттық қимылдар,сурет т.б.өз бойларындағы бар білімдерін,шығармашылық өнерлерін білдіре алды