Бүгін 25.09.2023 ж күні Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі

382444791 1975742226143834 7581590722522079569 N

Бүгін 25.09.2023 ж күні Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі ағымдағы жылдың 25-29 қыркүйек күндері аралығында мемлекеттік және жеке мектептерде оқу-жаттығу ұйымдастыру жоспарына сәйкес Ө.Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернатында “Терроризмге қарсы іс-қимыл” тақырыбында Сағат 11-00 де ” Баршаның назарына” құлақтандыру дабылы іске қосылып, 1-ауысым бойынша оқушылар мен мұғалімдер,техперсоналдар түгел қауіпсіз аймаққа эвакуцияланды. Эвакуация барысында мұғалімдер мен оқушыларға терроризм туралы жан-жақты түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

“Оқы, оқы және оқы”

381518557 1974450986272958 1243226801492702901 N
“Оқы, оқы және оқы”
23-ші қыркүйек күні Ө.Жәнібеков атындағы №4 жалпы орта лицей интернат кітапханасында “Оқуға құштар мектеп” жобасын іске асыру мақсатында жатақхана оқушылары арасында «Кітап оқу» сағаты ұйымдастырылды.
Кітапсыз өтілген бір күн, орны толмай бос кеткен күн.Кітап оқу баланың ой-өрісін кеңейтеді, ойлауға үйретеді, сөйлеу қабілетін, есте сақтауын, қиялын дамытады, танымдық және дамытушылық қызметін анықтайды. Көркем әдебиеттерге деген қажеттілікті арттырып, оқушыларды оқуға ынталандыру, кітап оқуды насихаттау үшін әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдану мұғалімдер мен ата-аналар алдында тұрған басты міндет болып саналады.

Ө.Жәнібеков атындағы лицей-интернатта “Мәңгілік ел-мәртебелі тіл”атты іс-шара өтті.

381592111 1973317349719655 6898279323450328379 N
Ө.Жәнібеков атындағы лицей-интернатта “Мәңгілік ел-мәртебелі тіл”атты іс-шара өтті.
Мақсаты:Ана тілінің мәртебесін көтеру,тіл-ұлттың жаны екенін жеткізіп,тіл арқылы рухани байлығын,шығармашылық қиялын дамыту,дүниетанымын кеңейту.
Тіл туралы ұлылардың шығармаларынан үзінділер,көріністер бейнеленді,тіл туралы қызықты деректермен танысты. “Тәрбие басы-тіл”деген ұлылар ұлағаты ұлықталды.
“Өз тіліңді білсең төрге шығасың,Өзге тілді білсең өрге шығасың”дегендей қазақ,орыс,ағылшын тілінде өз өнерлерін көрсетті.

✏️Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2029 жылға дейінгі сайлауалды бағдарламасы аясында 1-4 сынып оқушыларын 100 пайыз мектеп тамағымен қамту жоспарланған.

379186747 1970282063356517 4953934835457114109 N
✏️Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2029 жылға дейінгі сайлауалды бағдарламасы аясында 1-4 сынып оқушыларын 100 пайыз мектеп тамағымен қамту жоспарланған. Мемлекет басшысының бұл бастамасы өз кезегінде балалардың денсаулығына, жақсы дамуына, оқу үлгерімін және әл-ауқатын жақсартуына оң әсер ететіні сөзсіз.
✏️ Осыған орай Отырар ауданының білім бөліміне қарасты Ө. Жәнібеков лицей-интернат” кмм-де 2023-2024 жаңа оқу жылы 1 қыркүйектен ­бастап бастауыш сыныптан 326 оқушыға ыстық тамақ берілді. Бұл жаңалық ата-аналарды да, балаларды да қуантты.

“ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ТАЗАЛЫҚ КҮНІНЕ” ОРАЙ СЕНБІЛІК ӨТКІЗІЛДІ

379253764 1970245540026836 1097275820188808977 N
“ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ТАЗАЛЫҚ КҮНІНЕ” ОРАЙ СЕНБІЛІК ӨТКІЗІЛДІ
📍Сондай-ақ жыл сайынғы экологиялық акция “Дүниежүзілік Тазалық күні” ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің “Kieli Tabigat” экологиялық акциясымен тұспа-тұс келіп отыр. 📌Акцияның мақсаты : халықты біріктіре отырып, аумақтарды қоқыстардан тазарту болып табылады.
📍Мектеп қызметкерлері аумақтардағы бей-берекет қоқыс орындарды тазартуға бірлесе атсалысты.