
“Өз ұлын,өз ерлерін ескермесе. Ел тегі қайдан алсын кемеңгерді” Ө.Жәнібеков атындағы лицей-интернатта “Мәңгілік ел-мәңгілік тіл”онкүндігінің жоспарына сай осы тақырыпта кітап көрмесін ұйымдастырды. Мектеп кітапханашысы Г.Нұрмаш халқымыздың біртуар перзенттері-ұлы тұлғаларының биылғы мерейтойлары ,шығармалары туралы таныстырды. Қазақ,орыс,ағылшын тілінің мұғалімдері танымдық сайыстар,ойындар өткізді.