“Өркениет өнегесі-өз тіліңмен өмір сүру”

379243710 1969564306761626 8137199095606622610 N
“Өркениет өнегесі-өз тіліңмен өмір сүру”
Ө. Жәнібеков атныдағы №4 лицей-интернаты “Сана” бірлестігінің ұйымдастыруымен “Өркениет өнегесі-өз тіліңмен өмір сүру” тақырыбында оқушылар пікірталас алаңында өз ойларын ортаға салып өз ойларымен бөлісті

Ө.Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернаттының 8-сыныптар арасында 2021-2022 оқу жылында өткізілетін IQanat олимпиадасы

375966569 1967880300263360 9195179242784988772 N
Ө.Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернаттының 8-сыныптар арасында 2021-2022 оқу жылында өткізілетін IQanat олимпиадасының аудандық және облыстық кезеңдерден 8-сынып оқушылары Әлімқұл Мағжан мен Момбек Асылжан оза шауып, республикалық кезеңге қатысып, Момбек Асылжан ІІІ орын, Әлімқұл Мағжан Алғыс хатпен марапатталды. Келесі оқу жылында Әлімқұл Мағжан мен Момбек Асылжан Айқанат олимпиадасының дайындық курстарына қатысып, соңғы іріктеу кезеңінен өтіп, Бурабайдағы IQanat мектебіне жолдама алды. Қазіргі таңда осы 2 оқушымыз да Бурабайдағы IQanat мектебінде білімдерін жалғастыруда.
Шәкірттердің жетістігі қашан да мектеп мақтанышы болмақ. Асылжан мен Мағжанның білім шыңында алар асулары мол болсын!

“Өз ұлын,өз ерлерін ескермесе. Ел тегі қайдан алсын кемеңгерді”

376803177 1964981660553224 8675305053507517631 N
“Өз ұлын,өз ерлерін ескермесе.
Ел тегі қайдан алсын кемеңгерді”
Ө.Жәнібеков атындағы лицей-интернатта “Мәңгілік ел-мәңгілік тіл”онкүндігінің жоспарына сай осы тақырыпта кітап көрмесін ұйымдастырды.
Мектеп кітапханашысы Г.Нұрмаш халқымыздың біртуар перзенттері-ұлы тұлғаларының биылғы мерейтойлары ,шығармалары туралы таныстырды. Қазақ,орыс,ағылшын тілінің мұғалімдері танымдық сайыстар,ойындар өткізді.

Сәкен және тіл

376812586 1965433770508013 6884661226322344125 N
Сәкен және тіл
Мақсаты: Жас ұрпақты еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігі үшін күрескен, Алаштың ардақтысы Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен шығармаларын оқып білуге және ана тілін сүюге, ана тілін ардақтай білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Кітап көрмесі, интерактивті тақтада слайд көрсету
Дәйек сөз: «Адамға екі нәрсе тірек тегі,
Бірі – тіл, бірі – ділің жүректегі»
Жүсіп Баласағұн
Қазақстанның қоғамдық тарихында абыройлы орын алатын, революционер-коммунист, қазақтың белгілі жазушысы, ақын, көрнекті мемлекет қайраткері, қазақ әдебиетінің негізін салушы Сәкен Сейфуллиннің 130 жылдығы және «Тілдер мерекесіне» арналған
«Сәкен және тіл» тақырыбындағы тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
Кіріспе сөз: 1989 жылы 22 қыркүйекте тұңғыш рет Қазақ ССР-нің «Тілдер туралы» заңы қабылданып, онда қазақ тіліне «Мемлекеттік тіл» мәртебесі берілді. 1997 жылы 11 шілдеде Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Ата Заң қабылданды. заңда қазақ тілі-Мемлекеттік тіл деп нақты атап көрсетілген.
Тіл деген – қай тілде болмасын, кешегі, бүгінгі ғана емес, ертеңгі де тағдыры.Әр халық ана тілі – білімінің кілті. Тіл, сөз дегеніміз – ата- бабамыздан келе жатқан ел дәстүрі. Тіл адамдардың болса да басынын өткендері, қилы кезеңдері өз ана тілі арқылы бір-біріне жалғасқан. Тіл – біздің тұтастығымыз “ Туған тілдің абыройын асқақтату – әрбір адамзаттың абзал борышы. Біздің барша ұлттық келбетіміз бен болмысымызды, салт –санамыз бен дініміз осы ұлттық мәдениет пен тілімізде жатыр. Тіл – таусылмайтын байлық. Қанша тіл білсең, алдымен туған еліңнің мемлекеттік тілін білуге міндеттісің.
Б. Момышұлы атамыз: «Тілін білмеген-түбін білмейді» деген. Шынында, тілін білмеген адам өз халқының тарихын, дәстүрін, мәдениетін өз тілінде сезініп, терең бойлай алмаса, ол қасіретемес пе? Сондықтан әр адам ана тілін көзінің қарашығындай сақтауға, білуге тиіс. Болашағымызды баянды етер қаруымыз-тіліміз. Ана тілімізді құрметтей білейік.