Ө.Жәнібеков атындағы лицей-интернатта Тілдер мерекесіне орай “Мәңгілік ел-мәртебелі ел”тақырыбындағы онкүндіктің ашылу салтанаты өтті.

375468454 1963831897334867 8855976592778264617 N
Ө.Жәнібеков атындағы лицей-интернатта Тілдер мерекесіне орай “Мәңгілік ел-мәртебелі ел”тақырыбындағы онкүндіктің ашылу салтанаты өтті.Салтанатты жиын асқақтата шырқалған әнұранмен басталды.Қазақ тілі-өз тілім,ана тілім,Ұлыларым сөйлеген дана тілім,Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,Болашағым,бақытым,дара тілім.
Мектеп директоры А.Арипбеков құттықтау сөз сөйлеп,тіл-рухани байлығымыздың қайнар көзі екенін жеткізіп,”Өз ұлын,өз ерлерін ескермесе,Ел тегі қайдан алсын кемеңгерді”дегендей ұлы тұлғалар туралы мағлұмат берді.
Қазақ,орыс,ағылшын тілінде жүргізілген іс-шара шәкірттердің мерекелік шашу ретінде жолдаған ағылшын тіліндегі ән-билеріне жалғасты.

Мектебім-мейірім мекені Ө. Жәнібеков атындандағы №4 жалпы орта лицей-интернатында барлық сыныптарда сынып сағаттары өтілді

373554251 1961397257578331 5335262890471579948 N
Мектебім-мейірім мекені
Ө. Жәнібеков атындандағы №4 жалпы орта лицей-интернатында барлық сыныптарда сынып сағаттары өтілді

Құрметті: Әріптестер, ата-аналар, және шәкірттер!!!

373306602 1961358114248912 4487508919593487061 N
Құрметті: Әріптестер, ата-аналар, және шәкірттер!!!
«МЕКТЕБІМ – МЕЙІРІМ МЕКЕНІ» тақырыбындағы алғашқы қоңырау салтанатты жиынына қош келдіңіздер!!!
Мектебіміздің өткен оқу жылындағы жетістіктері мен алдағы міндеттерге тоқталатын болсам: ақпан айында Ө.Жәнібеков атындағы №4 жалпы орта лицей-интернаты Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының ұсынысымен «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының, «Қазақстан халқына» қоғамдық әлеуметтік қоры, «Білім саласын тұрақты дамыту» қоры, Beeline Қазақстан және aitas.kz компаниясының қолдауымен «Ауылдық аймақтардағы тірек мектептерінің әлеуетін арттыру» қайырымдылық жобасы аясында 2500000 (екі жүз елу миллион) теңге көлемінде материалдық-техникалық базасы жабдықталды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 28 наурыздағы №249 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2023–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын жүзеге асыру аясында негізгі орта білім беруде академиялық білімге, функционалдық сауаттылықты қалыптастыруға, пәндік, метапәндік дағдылар мен құзыреттерді дамытуға, STEM-тәсілі негізінде оқытуға, тәрбиелік компонентті күшейтуге және инклюзивті орта қалыптастыруға баса назар аударылатын болады.
Тәрбие жұмысын ұйымдастыру кезіндегі басым бағыт – балаға қамқорлық пен құрмет көрсету, сенім арту, балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету, оларды кемсітуге жол бермеу болып табылады. 2023-2024 оқу жылында мектептердің ата-аналар қауымдастығымен өзара іс-қимылы негізінде тәрбие міндеттерін іске асыруда «Ата-аналар академиясын» құру, сондай-ақ «Тоғыз ай – 9 іс-шара», «4 тоқсан – 4 өнер» жобалары шеңберінде іс-шаралар өткізу, мерейтойлық күндерге арналған сыныптан тыс ісшараларды ұйымдастыру маңызды аспектілер болып табылады.
Өткен оқу жылын 1-11 сыныптарда 943 оқушы, мектепалды даярлық топтарында 42 тәрбиеленуші бітіріп, 79 бітіруші түлектерден 10 оқушы «Алтын белгі» иегері, 12 оқушы «Үздік аттестат» иегері атанып, 55 бітіруші мемлекеттік грант жеңімпазы болып, 70%-ды құрады. «Саналы тәрбие, сапалы білім» білім беруде аянбай еңбек еткен 120 педагог пен 50 тәрбиешінің еңбегі яғни білім сапасы 64%-ға жетті. Оқушылардың пәндік олимпиадасының аудандық кезеңінен 36 оқушы жүлделі орындар иеленіп, облыстық кезеңнен
7 оқушымыз мектеп мерейін асқақтатты. Атап айтып кететін жетістік: Қалаш Нұртөре Халықаралық әл-Фараби олимпиадасының жеңімпазы атанып, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің грантын иеленді, 8 сынып оқушысы Мұсаханұлы Бимұхаммед «Мағжан оқулары» байқауының аудандық, облыстық кезеңдерінде топ жарып, республикалық кезеңінде «Алғыс хат» иеленді.
2023-2024 оқу жылын 1-11 сыныптарда 1063 оқушымен, мектепалды даярлық топтарында 46 оқушы жалпы 1109 тәрбиеленушімен бастағалы отырмыз. Мектеп ұжымының негізгі мақсат-міндеті білім сапасын көтере отырып, республикалық «Жылдың 100 үздік мектебі» тізіміне қол жеткізу.
Зейін қойып тыңдағандарыңызға рақмет!!!

Тамыз айының 24-25 күндері Астана қаласында “Жас ұстаз табысқа апарар жол”

372049695 1959717531079637 8047987730932409100 N

Тамыз айының 24-25 күндері Астана қаласында “Жас ұстаз табысқа апарар жол” ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН АУЫЛ МЕКТЕБІ ПЕДАГОГТЕРІНІҢ ІІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФОРУМЫ өтті. Ө. Жәнібеков атындағы №4 жалпы орта лицей-интернатынан химия пәнінің мұғалімі Жұпарбек Баян мен география пәнінің мұғалімі Мәжитов Арыстан қатысып қайтты. Форумға Қазақстанның барлық облысынан 200 ден астам жас мамам қатысты. Форум барысында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевпен “Галстуксыз кездесу” болды. Сондай-ақ форумға шақырылған Қазақстанға танымал спикерлермен кездесуде табысқа жету жолындағы жеке формулаларымен бөлісті.