“Ауыл мектептері оқушыларының республикалық олимпиадасы”

2023 11 20 17 47 54

Ө.Жәнібеков атындағы лицей-интернатта 2023 жыл қарашаның 20-жұлдызында  Отырар аудандық білім бөлімі, “Облыстық дарынды балаларды анықтау және қолдау орталығының ” 26.10.2023 ж.күнгі  №2-2/1842 санды хатын орындау, оқушылардың зияткерлік қабілетін дамыту мақсатында 9-11сынып оқушыларына арналған республикалық ауыл мектептері олимпиаданың бірінші кезеңі (аудандық кезең) “Дарын” РҒПО ережесіне сәйкес өткізілді. Қатысушылар 15-қарашаға дейін тіркеліп, auyl.darun.kz cайтымен жеке кабинеттерде енгізген мәліметтерін тексеруден өткізді. АБ бөлімі жанындағы ұйымдастыру алқасы бекітілген іс-шаралар жоспары бойынша санитарлық нормалар мен академиялық адалдықты сақтайды отырып өткізілуін басты назарда ұстап отырды.

Олимпиада жұмыстары 2023 жылдың 21-қарашасынан бастап Дарын РҒПО орталығы ұсынған кестеге сәйкес әр мектеп базасында жалғасын табатын болады.

Ауыл мектебі балаларының әлеуетін арттыру, қолдау мақсатындағы ортақ ісімізге сәттілік, шығармашылық еңбек тілейміз!

“Сабақтағы критерийлерін бағалауды ұйымдастыру және жүргізу”

2023 11 20 17 46 49

Ө.Жәнібеков атындағы лицей-интернатта 2023 жыл қарашаның 17-сі күні Түркістан қаласы химия-биология бағытындағы НЗМ-мен бірлескен “Сабақтағы критерийлерін бағалауды ұйымдастыру және жүргізу” тақырыбындағы әдістемелік күн жоспарланып өткізілді. Қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі,ағылшын  тілі, математика, физика, химия, тарих, география, информатика, биология пәндерінен бірлескен  сабақтар ұйымдастырылды. Бақыланған  сабақтарға кері байланыс беріліп, тиімді әдіс алмасу жұмыстары жасалынды. Пән мұғалімдерімен түрлі тақырыптарда семинар,  тренингтер ұйымдас тырылды. Мұндай іс-шаралардың педагогтердің кәсіби шеберлігін шыңдауда, білім алушылардың танымдық қызығушылығын арттыру, білім сапасын көтеруге оң ықпалын тигізері анық.

https://youtu.be/sEOxhDz9pr0