Өзбекәлі Жәнібеков жайлы архив қорында сақталған суреттер

5
ТАРИХ ТОЛҒАУЫ
(Өзбекәлі Жәнібеков жайлы архив қорында сақталған суреттер)
Бүгін – халқымыздың салт-дәстүрін жаңғыртушы, еліміздегі ұлттық мәдениет пен музей ісінің дамуына өзіндік қолтаңбасын қалдырған мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым-этнограф Өзбекәлі Жәнібековтің туған күні.
Өзбекәлі Жәнібеков – Қазақстанның көптеген қалаларында этнографиялық мұражай ашып, Наурыз мейрамымен қайта қауыштыруға үлес қосқан тұлға. Ол Қожа Ахмет Ясауи кесенесін қалпына келтіру жұмыстарына бастамашы болып, Тайқазанның елге оралуына атсалысты. Ана тілін дамыту бағдарламасының мемлекеттік тұжырымдамасын жасауда өзіндік қолтаңбасын қалдырды. Алаш зиялыларының ақталуына да қосқан үлесі зор.
Назарларыңызға ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитетіне қарасты Орталық мемлекеттік кино-фотоқұжаттар мен дыбыс жазбалары архивінде сақталған видео және фото тарихын ұсынамыз.
1. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты. Алматы. 1968 жыл.
2. Қазақстан суретшілері көрмесінің ашылу салтанаты. Киев. 1988 жыл.
Тарихи естеліктер мүсінші, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген өнер қайраткері Е.Т.Мергенов (микрофонда), Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің хатшысы Ө.Жәнібеков (оң жақтан 3-ші), Орталық Комитеттің мәдениет бөлімінің меңгерушісі Қ. Смайылов бар.
2. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің отырысы басталар сәті. Алматы. 1990 жыл.
Мұнда Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі Манаш Қозыбаев, жазушы Балғабек Қыдырбекұлы, Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің хатшысы Өзбекәлі Жәнібеков (солдан оңға қарай) бар.
3. Іле Алатауының бөктеріндегі мереке. Алматы облысы. 1970 жыл.
Бұл естелікте Қазақстанның халық әртісі Ермек Серкебаев (ортада), Мұрат Мұсабаев (сол жақта) және Қазақ КСР Мәдениет министрінің орынбасары Өзбекәлі Жәнібековтің (оң жақта) тарихы сақталған.

БІЗДЕР МАҚТАН ТҰТАМЫЗ!!!

3
БІЗДЕР МАҚТАН ТҰТАМЫЗ!!!
Ертең 28 тамыз «Ұлылар мекені, ойшылдар отаны – Отырардың» тумасы, мемлекет қайраткері, этнограф, тарих ғылымдарының кандидаты Өзбекәлі Жәнібековтің
туғанына – 92 жыл.
Қазақ халқының ұлттық мәдениетінің, ана тілінің, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпының жаңарып, дамуына елеулі үлес қосқан Өзағаның «Қазақтың ұлттық қол өнері», «Жаңғырық», «Уақыт керуені», «Жолайрықта», «Қазақ киімі», «Ежелгі Отырар», «Тағдыр тағылымы» еңбектері жарық көрген.
Жақында ғана шырайлы Шымқаладағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетіне Өзбекәлі Жәнібеков атамыздың аты берілді.
Ал, біздер Өзағаның туған жеріндегі Өзбекәлі Жәнібеков атындағы №4 жалпы орта лицей-интернатында ұстаздық ететінімізді мақтан тұтамыз!!!

❗️Назар аударыңыздар, ата-аналар!

❗️Назар аударыңыздар, ата-аналар!
🤷🏻‍♀️ Сіз балаңыздың қазір қайда екенін білесіз бе?
☝🏻Түнгі сағат 22.00-ден таңғы 06.00-ге дейін бұл ата-аналардың жауапкершілік уақыты👩🏻‍🤝‍👨🏻
Сондықтан Түркістан облысының полиция қызметкерлері кәмелетке толмағандар тарапынан оларға қатысты да құқық бұзушылықтарға жол бермеу бойынша іс-шараларды тұрақты негізде өткізеді ❗ ❗ ❗
Есіңізде болсын, түнде балалардың жалғыз болуы қауіпсіз емес, сондықтан олардың тыс жерде қараусыз болуына заңмен тыйым салынған 🔞
📣 ӘРБІР ӘКЕ МЕН АНА ТИІСТІ:
📌баласының қайда екенін білу 📲
📌22.00-ден 06.00-ге дейінгі кезеңде тұрғын үйден тыс жерде жүрген 18 жасқа толмаған балаларды ертіп жүруге🌃
Аталған міндетті орындамау әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады️👮🏻‍♂️
✅Кешке балалар үйде болуы керек 🏡
ҚР Ішкі істер министрлігі / Министерство внутренних дел РК
📣 Жасөспірімдердің қылмыстың құрбаны болмау шаралары:
1. Бейтаныс адамдармен қарым қатынас жасамау❗️
2. Адамдар көп жиналатын жерлерде ойнау❗️
3. Танымайтын адамдардан сыйлық алмау ❗️(балмұздақ, сусындар, тәттілер т.б)
4. Таксиге мінер алдында міндетті түрде мемлекеттік нөмерін көріп ата-анасына
хабар беру❗️
5. Өзіне бейтаныс емес орындарда ойнамау❗️
6. Бейтаныс адамның үйіңе жеткізіп тастаймын деген сөзіне сенбей автокөлігіне
отырмау❗️
ҚР Ішкі істер министрлігі / Министерство внутренних дел РК

Оның еңбегі болмаса, наурыз қазаққа қайта оралмас па еді? Елдігіміздің символына айналған тайқазан ше?! Кеңестік идеологияға қарамастан, Алаш зиялыларының ақталуына атсалысты. Ол атақ-абырой қуған жоқ. Бәлкім содан болар, қазір жастар ұлы тұлға Өзбекәлі Жәнібеков туралы біле бермейді. Еңбегін ешқашан жариялап, «мен істедім» деген емес. Бірақ, тарих әділ. Әркім өз бағасы мен үлесін алады.

Оның еңбегі болмаса, наурыз қазаққа қайта оралмас па еді? Елдігіміздің символына айналған тайқазан ше?! Кеңестік идеологияға қарамастан, Алаш зиялыларының ақталуына атсалысты. Ол атақ-абырой қуған жоқ. Бәлкім содан болар, қазір жастар ұлы тұлға Өзбекәлі Жәнібеков туралы біле бермейді. Еңбегін ешқашан жариялап, «мен істедім» деген емес. Бірақ, тарих әділ. Әркім өз бағасы мен үлесін алады.

Шымкенттегі педагогикалық университетке Өзбекәлі Жәнібековтың есімін беру туралы ұсыныс осыдан біраз жыл бұрын басталған. 10 жылға жуық уақыт өтіп кетсе де, қабылданбай келген болатын. Бірақ, қазір мақсатқа жетер күн алыс емес. Оқу ордасы тұлғаның есімімен аталатын болады. Соған орай зиялы қауым дөңгелек үстел басына жиналды.

 Тарихшылардың айтуынша, Өзбекәлі кеңес билігімен жиі сөзге келіп қалған.  Қызметтен айырылып қаламын деп сасқан жоқ. Бірде үкіметке қазақ жастарын мал шаруашылығына жаппай жіберу, ал қыздардан трактор бригадаларын құру ұсынысы енгізілді.  Өзбекәлі Жәнібеков оған қарсы болып, керісінше, жастарды оқу-білімге баулуға ұмтылды. Мәдениет министрі бола отырып, қазақтың жоғалтқан қазыналарын қайтаруға атсалысты.  Оның тұсында 400-ге жуық археологиялық нысанды қалпына келтіру жұмыстары атқарылды. Соның ішінде Қожа Ахмет Иасауи кесенесі де бар.

 1988 жылы Қазақстан алғаш рет Наурыз мерекесін ресми атап өтті. Түрлі естеліктерге қарағанда, бұрын тыйым салынған мерекені қалпына келтіру жөніндегі қоғамдық бастамаларды алғаш рет Қазақстан компартиясы орталық комитетінің хатшысы Өзбекәлі Жәнібеков қолдаған. Ал кей деректерге оның өзі осы бастамаға тікелей түрткі болғаны айтылады.