Өзбекәлі Жәнібековтің еш жерде жарияланбаған бейнежазбасы. ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Архив
Месяц: Ноябрь 2023
Зияткерлік мектептердің дәстүрлі Тамыз конференциясы – киелі Түркістанда
Зияткерлік мектептердің дәстүрлі Тамыз конференциясы – киелі Түркістанда
Бүгін «Кәсіби оқыту қоғамдастығының дамуы: сапа мен тиімділік» атты NIS-тің жыл сайынғы Тамыз конференциясы Түркістандағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде жалғасын тапты. Ауқымды педагогикалық кеңеске 200 мұғалім дәстүрлі форматта қатысса, 3500 ұстаз қашықтан қосылды.
Ресми ашылу салтанатында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының Басқарма төрағасы Әнуар Жанғозин қатысушыларды NIS-тің 15 жылдығымен құттықтап, жаңа оқу жылының басты басымдықтарын «Кәсіби оқыту қауымдастығын құру арқылы NIS болашағын қалыптастыру» тақырыбындағы баяндамасында айқындады:
– Алдағы академиялық жылда 2 негізгі бағыт – жаңартылған бағдарлама және когнитивті емес дағдыларды бағалауды бастаймыз. Бұл қалыптасқан машықтан құзыреттілікке көшуге, оқыту мен тәрбиелеуді интеграциялауға негізделген. Жалпы тәрбие жұмысының тиімділігін арттыру – жаңа оқу жылындағы ең маңызды міндеттердің бірі.
Сондай-ақ Тамыз кеңесінде оқушыларға сапалы білім беріп, олардың үйлесімді дамуы мен тұлға ретінде қалыптасуында айрықша рөл атқарып жүрген Зияткерлік мектептердің 130 ұстазы мен қызметкері «15 жыл – 15 номинация» аясында арнайы құрмет грамоталарын иеленіп, алғысхаттармен марапатталады.
Зияткерлік мектептердің Тамыз конференциясы Түркістан қаласында 21-22 тамыз аралығында өтеді. Екі күн бойы NIS педагогтері тақырыптық және тәжірибелік алаңдарда біліктілігін арттырып, пікір алмасады, жаңа оқу жылындағы жаңалықтар мен дайындықтарды сараптайды.
“Ауыл мектептері оқушыларының республикалық олимпиадасы”
Ө.Жәнібеков атындағы лицей-интернатта 2023 жыл қарашаның 20-жұлдызында Отырар аудандық білім бөлімі, “Облыстық дарынды балаларды анықтау және қолдау орталығының ” 26.10.2023 ж.күнгі №2-2/1842 санды хатын орындау, оқушылардың зияткерлік қабілетін дамыту мақсатында 9-11сынып оқушыларына арналған республикалық ауыл мектептері олимпиаданың бірінші кезеңі (аудандық кезең) “Дарын” РҒПО ережесіне сәйкес өткізілді. Қатысушылар 15-қарашаға дейін тіркеліп, auyl.darun.kz cайтымен жеке кабинеттерде енгізген мәліметтерін тексеруден өткізді. АБ бөлімі жанындағы ұйымдастыру алқасы бекітілген іс-шаралар жоспары бойынша санитарлық нормалар мен академиялық адалдықты сақтайды отырып өткізілуін басты назарда ұстап отырды.
Олимпиада жұмыстары 2023 жылдың 21-қарашасынан бастап Дарын РҒПО орталығы ұсынған кестеге сәйкес әр мектеп базасында жалғасын табатын болады.
Ауыл мектебі балаларының әлеуетін арттыру, қолдау мақсатындағы ортақ ісімізге сәттілік, шығармашылық еңбек тілейміз!
“Сабақтағы критерийлерін бағалауды ұйымдастыру және жүргізу”
Ө.Жәнібеков атындағы лицей-интернатта 2023 жыл қарашаның 17-сі күні Түркістан қаласы химия-биология бағытындағы НЗМ-мен бірлескен “Сабақтағы критерийлерін бағалауды ұйымдастыру және жүргізу” тақырыбындағы әдістемелік күн жоспарланып өткізілді. Қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі,ағылшын тілі, математика, физика, химия, тарих, география, информатика, биология пәндерінен бірлескен сабақтар ұйымдастырылды. Бақыланған сабақтарға кері байланыс беріліп, тиімді әдіс алмасу жұмыстары жасалынды. Пән мұғалімдерімен түрлі тақырыптарда семинар, тренингтер ұйымдас тырылды. Мұндай іс-шаралардың педагогтердің кәсіби шеберлігін шыңдауда, білім алушылардың танымдық қызығушылығын арттыру, білім сапасын көтеруге оң ықпалын тигізері анық.
https://youtu.be/sEOxhDz9pr0
