“Жақсы бала, ата – ана қуанышы”

458441867 2200185633699491 4038928697435822995 N
6-қыркүйек күні Ө.Жәнібеков атындағы
лицей -интернатында оқу жылының басталуы жөнінде жалпы ата -аналар жиналысы болып өтті. Онда “KIVa”-буллингке қарсы күресудің бағдарламасының мектепке енгізілуі бойынша мектеп директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары KiVa буллинг коррдинаторы Жақашева Айнур баяндама жасап түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
✅“KIVa” – буллингке қарсы кұресудің ғылыми және инновациялық бағдарламасы. Бағдарлама құрастырушы – түрік университеті, Финляндия
Бағдарламаның негізгі мақсаты:
– буллинг профилактикасы;
-араласу;
– Буллингтің жағымсыз салдарын азайту екендігі айтылды.
Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының жұмысының жүргізілуі барысы таныстырылды, балалар қауіпсіздігі ескертілді. Сонымен қатар Отырар аудандық білім бөлімінің 03.09.2024 жылғы /41шығыс хаты бойынша интернет-алақтықтың алдын алдын алу бойынша бейне ролик көрсетті.
Мектеп әкімшілігі

“Тіл-тірегіміз,соғып тұрған жүрегіміз”

458386359 2200179680366753 3541552835724532427 N
Ұлт мақтанышы, рух сардары, ұлттық тарих пен мәдениеттің жанашыр жасампазы болған Ө.Жәнібековтің есімімен аталатын лицей-интернатта “5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күні”мерекесіне орай
“Тіл-тәуелсіздік тұғыры” атты онкүндіктің ашылуы болды.Мерекелік шара 3 тілде жүргізілді.Іс-шаралар жоспары таныстырылды. Тіл-рухани байлығымыздың қайнар көзі,әрбір халықтың тілі-сол халықтың қасиеті,жаны мен сәні.
Қазақстан халқы тілдерінде сәлемдесуді ән әуенімен жеткізген 6 “г” сынып жеткіншектері мен 3тілде жүргізген және құттықтауларын жеткізген шәкірттерге біліммен биіктеп,өнермен өрлей беруіне тілектестік білдірді. Биылғы жылы мерейтойлары өтетін ұлы тұлғалардың еңбектерін оқуға, танып-білуге кеңес берді. Тілім менің ғасырлардан аманат, Ар-намысқа келтірмейік жаман ат, Қазақ болып туылдың ба ендеше, Елің менен жеріңді өзгелерге бағалат!-деп аяқтады.

“Тілім менің ғасырларға аманат!”

458516812 2199545117096876 3170035849079536526 N
5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күні мерекесіне орай кітапханашы Г. Нұрмаш, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ш.Нұржанова, тәлімгер А.Байболова ұйымдастырумен
“Тілім менің ғасырларға аманат!”мерекелік іс-шара өтілді.
Мақсаты: Жас ұрпақты ана тілінің қадір-қасиетін түсіне білуге шақыру. Ана тілін сүюге, ана тілін ардақтай білуге тәрбиелеу. 1989 жылы 22 қыркүйекте тұңғыш рет Қазақ ССР-нің «Тілдер туралы» заңы қабылданып, онда қазақ тіліне «Мемлекеттік тіл» мәртебесі берілді. 1997 жылы 11 шілдеде Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Ата Заң қабылданды. заңда қазақ тілі-Мемлекеттік тіл деп нақты атап көрсетілген.. Мақсаты – сан ғасырлық құндылықтарды сақтау.
Осы уақытқа дейін 22 қыркүйек күні тойланатын мейрамның 2017 жылы датасы өзгерді. Бұдан былай мейрам 5 қыркүйек күні аталып өтіледі.
Мейрамның жаңа датасы Ахмет Байтұрсынұлының дүниеге келген күніне сәйкестендіріп таңдалып алынған. 1873 жылдың 5 қыркүйегінде қазақ тіл білімімен және әдебиеттануымен айналысқан ағартушы және ғалым Ахмет Байтұрсынұлы дүниеге келді. Ол қазақ тіл білімінің негіздерін, грамматиканың ғылыми терминологиясын жасаған.
Бұл мереке туған тілге деген құрмет мен сүйіспеншілікті, сондай-ақ, өзге ұлттардың мәдениеті мен дәстүрін танып, білуге бағытталған
Тіл деген – қай тілде болмасын, кешегі, бүгінгі ғана емес, ертеңгі де тағдыры.
Әр халық ана тілі – білімінің кілті. Тіл, сөз дегеніміз – ата- бабамыздан келе жатқан ел дәстүрі. Тіл адамдардың болса да басынын өткендері, қилы кезеңдері өз ана тілі арқылы бір-біріне жалғасқан. Тіл – біздің тұтастығымыз “ Туған тілдің абыройын асқақтату – әрбір адамзаттың абзал борышы. Біздің барша ұлттық келбетіміз бен болмысымызды, салт –санамыз бен дініміз осы ұлттық мәдениет пен тілімізде жатыр. Тіл – таусылмайтын байлық. Қанша тіл білсең, алдымен туған еліңнің мемлекеттік тілін білуге міндеттісің.
Б. Момышұлы атамыз: «Тілін білмеген-түбін білмейді» деген. Шынында, тілін білмеген адам өз халқының тарихын, дәстүрін, мәдениетін өз тілінде сезініп, терең бойлай алмаса, ол қасіретемес пе? Сондықтан әр адам ана тілін көзінің қарашығындай сақтауға, білуге тиіс. Болашағымызды баянды етер қаруымыз-тіліміз. Ана тілімізді құрметтей білейік.

“Менің Отаным Қазақстан”

457737216 2196609567390431 8416299700532544427 N
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернатында біріңғай сынып сағаттары өтілді.
Оқушыларға Қазақстанның тарихын, мәдениетін, табиғатын таныстырып, елге деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімді қалыптастыру.
Оқушылардың бойында мемлекеттік рәміздерге, ұлттық құндылықтарға деген құрмет сезімін ояту.Туған жерді қорғауға және мақтан етуге тәрбиелеу