«Отбасы менің-мерейім»
Ө.Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернаты
Түркістан облысы Отырар ауданының білім бөлімі
03.10.2024 ж Ө.Жәнібеков атындағы √4 лицей-интернатында “Зерделі” ақыл-ой мектебінің ұйымдастыруымен математика пәні негізінде “Алтын сақа” Республикалық олимпиадасының мектепішілік кезеңі болып өтті. Олимпиадаға 3 және 4 сынып аралығынан 17 оқушы қатысты. Мектепішілік олимпиада нәтижесінде 3 сыныптан Бейсенбай Бейбарыс 81 балл, Нұрлан Гүлсая 78 балл, 4 сынып оқушыларынан Бағдат Төреғали 75 балл, Дауылбаев Айсұлтан 74 балл көрсеткішімен оза шауып, аудандық кезеңге өтті. Алдағы уақытта болып өтетін аудандық кезеңде оқушыларымызға сәттілік пен жеңіс тілейміз.
Бүгін мектебімізде Түркістан облысы, Білім басқармасының “Облыстық дарынды балаларды анықтаужәне қолдау орталығы” КММ-ң ұйымдастыруымен өткен “Зерделі” ақыл-ой дамыту орталығының 5-6 сынып оқушыларына арналған математикадан “Алтын сақа” республикалық олимпиадасының мектепішілік кезеңі өткізілді. Мектепішілік кезеңге 5-сыныптан 28 оқушы, 6-сыныптан 17 оқушы қатысып, нәтижесінде 5-сыныптан Ғалымжанұлы Ілияс және Есен Нұрислам, 6-сыныптан Әшірбек Мансұр мен Үсен Айбар аудандық кезеңге жолдама алды.