Түркістан облысының білім басқармасының Отырар ауданының білім бөлімінің “П.Айтменов атындағы негізгі орта мектеп” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің көркем еңбек пәнінің мұғалімі Шәдібеков Өстемір “Шебер қолдар” үйірмесінің оқушыларымен саз балшықтан құмыралар мен үрмелі музыкалық аспаптар жасауда.
Мақсаты: Құмыра өнері мен үрмелі аспаптар жасаумен айналысатын жас буын шеберлерді қалыптастыру.
Көне замандағы танымал құмыра жасау техникасының қыр-сырын оқушылар пайдаланып, дәстүрді үйренуде. Саз балшықты өңдеу өнерінің тез дамуына байланысты, осы уақытқа дейін олардың түрлі әдістері жасалынуда.
Үскірік – тұтасымен саздан жасалатын аспаптың бір түрі. Бұл аспаптың сипаты, заты, ойналу, жасалу әдіс-тәсілі бұрын белгісіз болып келді. Аспап алғаш рет Жалпы ұзындығы 8-10 см, аумағы 12-15 см болып келеді. Сапалы саздан, қыштан жасалады. Аспаптың дыбысы үскіріп соққан боран мен қатты желдің уіліне ұқсас болғандықтан үскірік, кейбір жерлерде уілдеуік деп аталады.
