“Алтын сақа” Республикалық олимпиадасының мектепішілік кезеңі

461897845 2225687631149291 203467067954708600 N

03.10.2024 ж Ө.Жәнібеков атындағы √4 лицей-интернатында “Зерделі” ақыл-ой мектебінің ұйымдастыруымен математика пәні негізінде “Алтын сақа” Республикалық олимпиадасының мектепішілік кезеңі болып өтті. Олимпиадаға 3 және 4 сынып аралығынан 17 оқушы қатысты. Мектепішілік олимпиада нәтижесінде 3 сыныптан Бейсенбай Бейбарыс 81 балл, Нұрлан Гүлсая 78 балл, 4 сынып оқушыларынан Бағдат Төреғали 75 балл, Дауылбаев Айсұлтан 74 балл көрсеткішімен оза шауып, аудандық кезеңге өтті. Алдағы уақытта болып өтетін аудандық кезеңде оқушыларымызға сәттілік пен жеңіс тілейміз.

“Бастауыш – білім бастауы”

461855280 2225688684482519 6119255456037651105 N
1-қазан мен 24-қазан аралығында «Балдәурен» бастауыш сынып әдіс бірлестігінің “Бастауыш – білім бастауы” атты айлық іс-шарасы басталды.
• Мақсаты:
• Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру
• Шығармашылық қабілеттерін арттыру
• Талантты оқушыларды айқындау
• Жауапкершілікке, ұжымдылыққа тәрбиелеу
• Адамгершілік пен эстетикалық қатынасқа көңіл бөлу.
Ашылуында 1-4 сынып оқушылары өз өнерлерін көрсетті. Іс-шарамыз 4 «Б» сынып оқушысы Ғайникамалдың орындауындағы «Ұстазым» әнімен ашылды. 4-сынып оқушылары ұстаздар және мектеп туралы өлеңдер оқыды. Іс-шара барысында 3-4 сынып оқушылары “Әдемі-ай”, “Балауса” билерін мың бұрала билеп шықты. Сонымен қоса 1″В” сынып оқушысы Мәжит Лилия “Мектебім” әнін орындады. Барша мұғалімдерді мерекелерімен құттықтай отырып, 4 «В» сынып оқушысы Ермаханбет Алуа «Ұстаз –ана» әнін шырқады. Айлық іс-шараның ашылуын “Атамекен” әнімен аяқтады. Іс-шараның соңында директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары Жетпісбаева Гүлзира апай мен «Балдәурен» бастауыш сынып әдіс бірлестігінің жетекшісі Қожамқұлова Қарлығаш апайларымыз оқушыларға үлкен жеңістер, ал мұғалімдерге табыс тілей отырып, айлықтың ашылуымен құттықтады.