“Ағылшын тілі-ынтымақтастық пен болашақ кілті”

464304778 2245704352480952 3118346198892627030 N

Ө.Жәнібеков атындағы лицей-интернатта “Ағылшын тілі-ынтымақтастық пен болашақ кілті”атты ағылшын тілі айлығының жоспары бойынша 5 “б”сынып жетекшісі,пән мұғалімі Айсана Қаржаубекқызы 16 қазан -Әлемдік нан күніне орай жәрмеңке өткізіп,ұйымдастырушылық қабілетін көрсетті.Нан-әлемдегі ең танымал өнімдердің бірі екенін дәріптеп, баршаға денсаулық,өркендеу,жетістік тіледі. Жоспар аясында пән мұғалімі Дүйсебай Нұрсұлу 6″г” сыныбында үлгілі ашық сабақ берді.Ұстаз цифрлық платформаларды меңгеріп, тиімді пайдалана отырып,сабақ мақсатына жетті.Жаңашылдыққа жаны құмар ұстаздың шәкірттері де білімдерін көрсетіп,белсенділік танытты.

«Өнерлі ұстаз-2024»

465045607 2250955705289150 6165039546879814349 N
Түркістан облысы мектеп-интернат ұстаздары арасында
өткізілген «Өнерлі ұстаз-2024» байқауының
I дәрежелі дипломымен “Зерде” үйірмесінің жетекшісі Жұмаділова Айгүл марапатталды. Құттықтаймыз!!!

«Ғасырдың ғажап үш тірегі»

465400690 2254569774927743 4337332749753019797 N

Ө.Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернатында 4.11.2024ж күні «Ғасырдың ғажап үш тірегі» тақырыбындағы математика, физика және информатика айлығының ашылуы орын алды. Негізгі мақсатымыз – оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, олардың жағымды эмоциясын тудыру, дербес қорытынды жасауға және жалпылауға негіздеу, күнделікті өмірде физика, математика және информатика мәліметтерін қолдану, нақты ғылымдардың жұмбақ әлеміне кіре отырып,оқушылардың ой өрісі мен түсінігін байыту. Осы айлықтың барысында түрлі ашық сабақтар, сыныптан тыс іс – шаралар өткіземіз. Оқушылардың қызығушылығын арттыру барысында пән айлықтарының орны ерекше. Ашылу барысында Жасанды интеллект пен нейронды желіні пайдалану арқылы Шығыстың ғұлама ойшылы Әбу Насыр әл-Фарабидің фотосын жасанды сөйлету, Робот аниматоры, ойын арқылы оқушылардың шапшаңдығын байқау, тілектер жазылған алмалар арқылы ашылды.

«Алтын Қыран-Ерекше дарын иесі»

465352005 2254536771597710 7672550377687473252 N
Аудандық білім бөлімінің 1.10.2024ж №41-10/939 хатына сәйкес «Алтын Қыран-Ерекше дарын иесі» зияткерлік олимпиадасы облыстық «Дарын» орталығы мен Білім шыңы орталығымен ұйымдастырылған 7-11 сыныптар аралығында информатика пәні бойынша оқушылар қатыстырылды 7 сыныптар бойынша
7 сыныптар бойынша Асан Тоғжан 2 орын, Сатыбалды Айзере 2 орын жетекшісі Төрегелді Сандуғаш, қалған оқушыларға қатысқаны үшін сертификаттар берілді.
8 сыныптар бойынша 8В сынып оқушысы Нұрымбет Ұлбақыт Бас жүлде, Есен Ұлназ 2 орын иеленді, жетекшісі Досан Ләйлә,
9 сыныптар бойынша 9 А сынып оқушысы Құлмаханова Айсель 2 орын,жетекшісі Досан Ләйлә, Қалыбек Нұрдаулет 3 орын, жетекшісі Айдарбек Нұрзила,
10 сыныптар арасында Құлтас Арнұр 2 орын жетекшісі Досан Ләйлә, Әліпбек Гүлдана 3 орын, жетекшісі Салықбай Айдарбек, Қыдырбай Бақдаулет 2 орын жетекшісі Әуелбекұлы Нұрсұлтан, Инкарбек Аяулым 3 орын, жетекшісі Айдарбек Нұрзила.
11 сыныптан Қалаш Балауса 2 орын иеленді жетекшісі Төрегелді Сандуғаш