Вавилоннын өрлеуi.
Қосөзендегі ұзақ қырқысудан кейін ерекшелене бастаған- Вавилон каласы. Аккад тiлiнде «бабилу» – «құдайға барар қақпа». Қаланың артықшылығы Хаммурапи тұсында айқын көрiндi.
■ Хаммурапи – б.з.б. 1792-1750 жж. аралығында билік етті. Бүкiл шумер аккад жерiн бiрiктiрiп Вавилон патшалығын құрды. Хаммурапи билік еткен жылдары мықты да бай мемлекетке айналды. Хаммурапи заңдар жинағын қара тас бағанаға жаздырды. Тасты археологтар 1902 жылы тапты.
Занның мақсаты- Вавилон тұрғындарының мүлiктерi мен дәстүрлі құқықтарын корғау еді. Бұл заңдар жинағы негiзiнен Хаммурапидың жеке басын мадақтауға арналды. Басқа халықтар сияқты вавилондықтар да алғашында әртүрлі құдайлар бар деп есептеген. Вавилон мемлекетінің құрылу барысында діни түсініктерге өзгерістер енді. Әрбір қаланың, ауылдың қамқоршы құдайлары бар деп есептелінді. Вавилон қаласының қамқоршысы Мардук құдай болды. Ол дуниенi жаратушы болып сипатталды. Хаммурапи өз билiгiнiң қасиетті екенін, зандары әдiл болғанын Күн кұдайының қолынан асатаяқ пен заңдар жинағын алып жатқан бейнесi арқылы бiлдiрмек болды. Заңнан егiншiлiктiң маңызды болғанын байқауға болады. Заңда айтылатын «тур» – литр, «шеум» – грамм.
Хаммурапи заңдар жинағы жалпы 282 баптан тұрады
Мен Хамурапи, Шамаш шындық сыйлаған әділеттіліктің патшасымын! Менiн сөздерім өте жақсы, менiн iсiмнiң тендесi жок! Тек ақымақтар үшiн олар – мәнсіз, ал ақылдыларға орындау үшiн жасалған. Алдағы уақытта елде болатын патша менiң құлпытасыма жаздырған әдiлеттi сөздерiмдi сақтайтын, мен орнатқан заңдарды, мен шешкен ел шешiмдерiн өзгертпейтiн болсын; менiң жарлықтарымды жоққа шығармасын…»:
Б.з.б. VII-VI ғасырдағы Вавилон
Хаммурапи қайтыс болғаннан кейiн Вавилон жері Ассирияға бағынышты болды. Вавилон Ассириядан Б.з.б. VII ғасырда тәуелсiздiгiн алды. Б.з.б. 604-562 жылдары билеген Навуходоносор патша кезінде көркею шегiне жетті. Патша салдырған «Аспалы бақтың» қақпаларының бiрi – Иштар құдайдың құрметіне арналды. Қақпа мыстан жасалған және Мардук құдайдың ғибадатханасына апарды. Қаланы айнала жүрген адам 100 қақпаны көреді. Вавилонның «көпұлтты» патшалы екендiгi, онда египеттіктер, иудейлер, парсылар, ассириялықтар т.б. тайпаларының көптігінен, тiлдердiң араласып кетуi – «Вавилон сапырылысы» аңызын тудырды. Ежелгі Вавилон жерiнде қазiр қандай Ирак мемлекет орналасқан.
Ежелгi Қосөзен мәдениетi
«Гильгамеш туралы дастан» Қосөзендегi алғашқы әдеби жанрдағы дiни түсiнiкпен байланысты шығарма. Бұл дастан өлім мен өмiр арасындағы күрес туралы жазылған. Гильгамеш – құдiреттi патша. Оның досы Энкиду-орманда өмір сүретін алып адам.
Астраномия
Қосөзендіктер алғаш болып ай күн тізбесін пайдалана отырып, сағатты 60 минутқа, шеңберді 360 градусқа бөлуді бастады. Абыздар математика ғылымымен айналысты, 60 санын киелі деп есептеді.
Өнерi
Қазба жұмысы нәтижесiнде сурет, сәулет, мүсiндеу елдiң ескерткіштері табылды. Екi қолын бiрдей кеудесiне қойған адамдар мүсiнi көп кездеседі. Негiзiнен жауынгерлер мүсіні бейнеленді.
Аспалы бақ
■ Вавилон билеушісі Навуходоносор солтүстiгiндегi таулы өлкеде туып өскен қызға үйленеді. Кейін ханшаға тұрғызылған жасанды зәулім бақ. Семирамида аспалы бағы Вавилонның патша сарайындағы алып құрылыс. Әлемнiң жетi кереметiнiң бiрi.
Сына жазу. Ен ежелгi жазу жүйесін шумерлiктер ойлап тапты. Алғашқы жазу сурет кейiн таңбамен, түзу сызықпен салу арқылы әрiптер қалыптасты. Шумерлiк жазу жүйесі пайда болды. Сына жазумен жазылған балшық тақтайларды тапты. Жазуды Урурту, Сирия, Финикия елдерi, гректер үйренді. Шумерлiк жазу б.з.б. IV мыңжылдықта пайда болды. Вавилонның сына жазуында 300-дей таңба болды.
Діни түсініктер
Су кұдайы – Таммуз. Тигр мен Евфраттың тасуы немесе суының азаюы осы құдайға байланысты.
Күн кұдайы – Шамаш. Күннің нұрын төгіп, қуанышқа бөлеуiне көмектеседі.
Ай құдайы – Син. Шумерліктер түннен кейiн күн шығады деп сеніп, Шамашты
Ай құдайы – Синнiң баласы деп ойлады.
Вавилон қаласының қамқоршысы – Мардук. Ол дүниені жаратушы ретінде
сипатталды. Мардук туралы аңызда Тиамат, Кингу құдайлар сипатталады.
Мұхит құдайы (әйел құдай) – Тиамат. Құдайларға қастық ойлаушы.
Өзен құдайы – Хепри.
Махаббат құдайы – Иштар. Молшылық, ғашықтықтың бейнесi.
Саткындық құдайы – Кингу. Құдайларды сатып кетушi. Кингудың қанын топырақпен араластырып, дүниенi жаратушы адам жасаған.
Қайырымдылық, данышпандық және су құдайы – Эа.
Вавилонда құдайлар кұрметіне Храм сәулет ескерткiштерi салынды. Храмдарда дiнилілерi абыздар қызмет етті. Патшалық билік күшейгенде оларды құдайдың ұлы, жердегi сенiмдi өкiлi деп жариялады. Вавилон абыздары бес ғаламшарды бiлдi. Мардук құдайдың ғибадатханасын көрген шетелдіктер «Вавилон сапырылысы» аңызын ойлап тапты.