§ 28. Орыс жерлерiнiң бiрiгуiнiң аяқталуы.

Орыс жерiнiң экономикалық және саяси дамуы

XIV-XIV ғасырлар аралығында орыс жерiнде феодалдық жер иелiктерi күшейiп феодалдар қауымдық жердi тартып алды. Ауыл шаруашылығындағы өндiргiш күштер дамыды. Шiркеулер де iрi жер иелерiне айнала бастады. Феодалдар шаруаларды басыбайлы етуге тырысты. XV ғ. аяғынан (1497 жылы) басыбайлы шаруаларға жылына бір рет – Юрий күні ғана кетуге рұқсат

етілген.  Князь өзiне қызмет еткенi үшiн ерекше шартпен феодалдарға жер иелiгiн

поместье беретін болды. Поместье иелерi помещиктер деп аталып, князьға әскери қызмет атқаруға мiндеттелді.

Моңғол-татар шапқыншылығы жылдарында қиратылған қалалар қалпына келтiрiлiп, өндiрiс пен сауданың орталығына айнала бастады. Феодалдық қалалар бiртiндеп ipi сауда орталығына айнала бастады. Бұл процесс орыс жерiнiң бiрiгуiне алғышарттар тудырды. Бытырақңы орыс жерi бiрнеше удельдiк князьдіктерден тұрды. Князьдiктермен қатар, ұлы князьдіктер

құрылды. Мәскеу, Тверь, Рязань ұлы князьдiктерiне үлестiк князьдіктер (өзiндiк жер үлесi бар шағын) бағынышты болды. Іс-қағаз жүргiзушi кеңсе қызметкерлерiн дьяк және гюдьячий деген қызметтер қалыптасты.

Моңғол-татар шапқыншылығына аз ұшыраган солтүстік-батыс орыс жерiнiң боярлық баскару жүйесi сақталынды. Орыс жерiнiң саяси билiгi бiртiндеп Мәскеу князьдiгiне ауысып, орыс жерiн бiрiктiруге негіз қалады.

Мәскеу князьдiгiнiң күшеюi

■ XIV ғасырдың басынан бастап ежелгi орыс жерiнiң шет аймақтары әлсiрeп орталығы – Мәскеу, Тверь князьдіктерінің орманды және өзендермен қоршалған жерi жау шапқыншылығына аз ұшырады. Мәскеу қаласы ірі қолөнер орталығына айналды.

Мәскеу князьдігі орыс халқын бiрiктiрiп, Моңғол-татар езгiсiнен азат ету жолында шешушi күрес бастады. Александр Невскийдiң баласы Даниил 1301 жылы Коломнаны, 1303 жылы Смоленск, Можайск князьдiгiн Мәскеуге қосты. Мәскеу өзенi түгелдей князьдiк жерiне қарады, бұл сауданың өсуiне жағдай жасады.

■ Мәскеу князьдiгi күшейген сайын оның көрші Тверь князьдігімен арасындағы күресі шиеленісе түсті. Тверьде 1327 жылы Алтын Орданың алым-салық жинаушыларына қарсы шыққан халыктың көтерiлiсiн өз пайдасы үшiн Мәскеу князь Иван Калита (1325-1340) Алтын Орда жасақтарымен көтерiлiстi басуға атсалысты. Осылайша, Алтын Орда ханы Өзбектің сеніміне ие болып, 1328 жылы ұлы князь атағын алып, орыс жерiнен алым-салық жинау құқығын алып, Мәскеу жерін күшейту үшін жиналған салықтың көп бөлiгiн өзiне қалдырып «Қалталы Иван» атанды.

XIV ғасырдың орта шенінде Алтын Ордадағы билік үшін бақталастық күшейіп, мемлекет әлсірей бастауы, орыс жерiнiң бiрiгуiне алғышарт жасады.

■ 1380 жылы Мамай Куликово даласында Дмитрий Донской әскерiнен жеңiлдi. 1382 жылы Алтын Орда ханы Тоқтамыс Мәскеу қаласын өртеді. 1480 жылы Ахмет хан Орыс жерiне соңғы рет шабуыл жасап, Угра өзенінің бойында орыс әскерлерімен кездесiп, орыстар керi шегiнiп кеттi. Ахмет хан Ордаға қайтып оралды. 1481 жылы Алтын Орда ханы Ахмет Сiбiр ханы Ибақтың қолынан қаза табады. Алтын Орданың құлауымен Ресей тәуелсіздігін алады.

1497 жылы бір орталыққа бағынған елдiң бiрiншi заңдар жинағы сот ережелерi шықты. XV-XVI ғ. бірінші ширегiнде Ресейде самодержавиелiк монархия орнады. Боярлар думасы күшейді.

Орталықтанған мемлекеттің құрылуы

ІІІ Василий Иванович (1505-1533) кезiнде елдi жедел қарқынмен жүргiзiлдi. 1485 жылы Мәскеу князьдiгiне Тверь, Псков жерi бiрiктiрiлдi. 1514 жылы Рязань жерi қосылды, Еділ бойындағы мари, мордва, коми, карел халықтары бағындырылды.

Князь қайтыс болғаннан кейiн таққа үш жасар IV Иван (1533-1584) ие болды да, іс жүзінде мемлекетті оның шешесi Елена Глинская мен оның кеңесшiлерi басқарды. 1547 жылдан IV Иван орыс мемлекетiнiң патшасы атанды. Ол самодержавиенi нығайту үшін 1549 жылы бұрынғы боярлар думасының орнына Зeм соборын кұрды. Боярлардың саяси билігі төмендетіліп, дворяндардың билiгi күшейтiлдi. Әскери реформа жүргізіліп, Ресейде тұрақты

армия құрылды. 1550 жылдан бастап шаруалар өз жерiнен кетуге рұқсат алды.

Ел басқаруда приказдар жүйесi енгiзiлiп, Ресей бір орталықтан бағындырылған мемлекетке айналды. IV Иван кезiнде халық наразылығымен қатар боярлардың қарсылығы күшейдi. IV Иванды халық Грозный деп атады. Ол елде опричнина саясатын енгiздi. Ол бойынша мемлекеттiк жерлерге патшаны қолдаған сенiмдi адамдарды орналастырды да, патшаға қарсы

шыққан боярлардың жерлерi тартып алынып, олар шет аймақтарға көшiрiлдi.

Опричнина «опричь» сөзінен шыққан – «басқа, айрықша» деген мағынаны  бiлдiредi. Опричинаның ауыспалы мағынасы: “жүгенсiз кеткен орда“. Опричнина елде үрей туғызып, қатал жазалау саясатына айналды.

1569-1570 жылдары IV Иван Новгород жерiне барған жолында опричнинаға қарсы шыққан Клин, Торжок. Тверь қалаларын тонап, адамдарды аяусыз жазалады. 1565 жылдың басында IV Иван мемлекет жерiнiн едәуiр бөлiгiн опричнинаға, айрықша өз билiгiне қарайтын етiп бөлiп алды. Елдiң наразылығына байланысты 1572 жылы IV Иван опричнинаға тыйым салды.

1558-1583 жылдары Ливон соғысында Ресей жеңіліс тауып, Швециямен бітімге келiп, халықаралық беделі әлсiредi.

 

XVII ғасырдағы Ресей

 

■ XVII ғасырда Ресейде дүрбелең кезең 1584-1613 жылдарға дейiн созылды. Дүрбелең дәуiрдiң басталуына негізгі себеп – 1584 жылы Ресей патшасы IV Иванның қайтыс болуы. 1584 жылдан бастап Иван Грозныйдың ұлы Федор патшалық құрды. Оның артында мұрагер болмағандықтан, сарай төңірегіндегі тақтан үміткер адам Борис Годунов болды. Б.Годунов 1598 жылы таққа отырды. Ресейдің Еуропа елдерінен артта қалғандығын түсiнiп, шетелде оқыған, бiлiмдi адамдарды әкелдi. Шетелдерге дворян балаларын оқуға жiбердi. Ресейдiң дiни дербестiгiн нығайту, рухани жағынан күшейту үшiн Ресей қоғамында патриархтың рөлін арттырды.

■ Сыртқы саясатта 1590-1593 жылдары Швецияға Ливон соғыстарында кеткен жерлердi қайтарып. Сiбiрге қоныстануды бастады. 1654 жылы Украина жерi Ресейге өтеді. Батыс шекараны күшейту үшін Смоленск бекiнсiн салдырған. Борис Годуновтың патшалығына елдегi боярлар тобы қарсы болды. Ресейден қашып, Польшаға барған монах өзін Дмитрий деп

таныстырды. Польшаның қолдауымен әскер жинап Лжедмитрий (“жалған” Дмитрий) Мәскеуге қарсы жорыққа аттанды. Бұл Ресей патшалығында бақталастықтың күшейіп тұрған кезі еді. Сондықтан Лжедмитрий өзін патша деп жариялайды. 1606 жылы Лжедмитрий өлтiрiлдi. Өкіметті боярлар басып алды. Таққа Василий Шуйский (1606-1610) отырады. 1608 жылы поляк шляхтасы патша тағына жаңа адам тағайындап, Мәскеуге екiншi рет жорық ұйымдастырды. 1609 жылы Польша королі Ресейге басып кірді. Шуйский үкіметтен кетуге мәжбүр болды. Елдi жетi боярдан кұрылған топ өз қолына алды. Польша әскерінен Ресейдi қорғау жолында Кузьма Минин мен Дмитрий Пожарский көзге түсті. 1612 жылы қазан айында шетел басқыншыларын тiзе бүктiрдi.

 

Романовтардын билiк кұруы

■ Мәскеудi азат еткеннен кейiн елде жаңа үкiмет кұру қажет болды. 1613 жылы Зем соборы шақырылып, Ресей патшасы ретінде 16 жастағы Михаил Федорович Романов (163-1645) отырды. Жалпы Романовтар әулетінің билігі үш ғасырға созылып, 1917 жылға дейiн билiк еттi.

1649 жылы собор заңдарының жинағы қабылданып, шаруалар басы байлығын түпкілікті бекітті. Орыс абсолютизмінің түпкілікті қалыптасуы ХVII ғасырдың соңы мен XVIII ғасырдың басына келеді. Ол I Петрдiң есімімен байланысты.

 

Мәдениетi

1687 жылы тұңғыш славян, грек-латын жоғарғы мектебі ашылды. Геометрия, арифметика, астрономия пəндерi оқытылды. Мәскеуде дәрігерлерді дайындайтын «орыс емшiлер мектебі» ашылды. Мәскеу қаласында тұңғыш рет дәріхана қызметкерлерi мектебі ашылды. 1564 жылы Мәскеуде «Апостол» кітабы (зандар жинагы) ресми түрде шыкты. XVI ғ. орыс сәулет өнерiнiң шырқау шегi Қызыл кремль Покров соборы салынды. XVII ғасырда Ресейде ерекше дамыған сәулет өнері Коломоню селосындағы ағаштан салынған сарай озық туындыға жатты. Орыс

суретшілері Икон салуда жоғарғы жетістіктерге жетті.