Солтүстік Америкадағы британдық отарлар.
■ XVII ғасырда Солтүстік Американы Англия отарлап, қоныстанушы отарлар пайда болды. Солтүстік Америкада ағылшындардың алғашқы отары Виргиния жерiнде 1607 жылы Джеймстаун форты құрылды. 1625 жылы I Карл Виргиния штатын құрып, губернатор болып тағайындалды. Бұл отарлар
Англияга тиесілі болғанымен, оган Еуропаның барлық елдерiнен қоныс аударушылар орнығып жатты.
Толық құқылы азаматтарға фримендер яғни, орта топқа жататын джентрилер мен ауқатты тұрғындар жатты. Төменгi топ жетi жылға келiсiмге қол қойған адамдар сервенттерден (құлдар) тұрды. XVIII ғ. ағылшындардың 13 отары болды. Олар 3 топка бөлiндi: корольдік, жеке, қауымдық, меншiк.
■ XVII ғасырда солтүстiк отарларда қалалар бой түзеп, 40-жылдары алғашқы мануфактуралар пайда болып, кеме жасау дамыды. Солтүстікте ауыл шаруашылығы фермерлік дамып, елдiң негiзгi бөлiгi ретiнде 80 % фермерлік шаруашылыққа өттi. Америкада скваттерлiк қоныс аударушылардың
жыртылмаған жерлерді өз еркімен илену тәсiлi дамыды. Америкада баскарудың олигархиялық түрi орнықты.
Америка қоғамының алғашқы даму сатысының маңызды ерекшелiгi – адам өзінің жеке еңбегi мен кәсiпкерлiгiнiң жемiсiн пайдаланды. Еркiн қоныс аударушыларды метрополия билiгiне бағындыру қиын болды.
Метрополия-өзі жаулап алған отарларға иелік ететін мемлекет.
Тәуелсіздік үшін соғыстың алғышарттары.
Ағылшын буржуазиясы отарларды шикізат көзi ретiнде және өндiрiстiк тауарларды өткізу нарығы ретінде қарастырды және отарлардың экономикалық дамуын тежеді. Халықтың саны – 1688 жылы 200 мың адам болса, 1755 жылы 2,7 млн адамға өсті.
1763 жылғы заң өз еркімен батысқа қоныс аударуға тыйым салды. 1764 жылы кедендiк салық, 1765 жылы тұрақты әскер ұстау үшін 10 мың солдатты орналастыруға елде наразылық болды. Әскердiң шығындарды жабу мақсатында гербтiк салық енгiздi. Гербтiк салық жаңа кедендiк салықтармен
ауыстырылды.
■ 1773 жылы Бостонда қала тұрғындары британ солдаттарымен қақтығысып қалды. Саэмюэл Адамс отар тұрғындары басқарып, 1773 жылы отарлар тобы ағылшын шайы тиелген жүктi теңiзге лақтырды. Бұл оқиға тарихта «Бостондық шай ішу» деген атпен қалды. Жауап ретінде британдық билік әкiмшiлiк шараларға көшті, Бостон портын жауып тастады. 1774 жылы Филадельфияда Бiрiншi құрлыктык конгресс болды. Қабылданған «Құқыктар Декларациясында» отарлардың өзін-өзі басқару
құкығы туралы айтылды. 1775 жылы сәуiрде ағылшын қолбасшысы генерал Гейдж қару-жарақ қоймасын басып алуымен соғыс басталды.
Тәуелсіздік үшiн соғыс және АҚШ-тың құрылуы.
■ 1775-1783 жылдары Солтүстік Американың тәуелсiздiгi үшiн бiрiншi буржуазиялық революция болды. Революцияның алдында екi манызды мiндет тұрды: ұлттық тәуелсiздiкке қол жеткiзу, ағылшын отарлық билiгi орнатқан көне әлеуметтік-экономикалық және саяси институттарды жою.
1775 жылы Филадельфияда Екiншi құрлықтық конгресс болып, 13 штат ез тәуелсiздiгiн жариялады. Джордж Вашингтон армия қолбасшысы болып сайланды.
1776 жылы 4 шілдеде Томас Джефферсон кұрастырган «Тәуелсіздік Декларациясын» қабылдады. Онда отарлар өздерін тәуелсіз мемлекет деп жариялады және Америка Құрама Штаттарына бірікті. Тәуелсіздік декларациясына бiрiншi болып Бостондық көпес Джон Хэндок қол қойды.
Англиядан бөлiнудi қаламағандарды «лоялистер» деп атады.
■ 1777 жылы Филадельфия (алғашкы астана) қаласын ағылшындар басып алды. 1777 жылы қазанда Саратоги түбінде ағылшын әскерi жеңiлдi. Бұл жеңіс жас республиканың халықаралық жағдайын жақсартты. 1778 жылы Бенджамин Франклин Франциямен одақ жасап, Франция, Испания және
Голландия Англияга қарсы соғысты бастады.
1871 жылдын күзiнде Дж.Вашингтонның әскерi Йорктаун түбінде ағылшын генералы Корнуоллистiң әскерiн қоршауға алды және жеңiлгенiн мойындады. 1783 жылы Версаль келiсiмi бойынша Англия АҚШ-тын тәуелсiздiгiң жариялады. Испания Флориданы алды, Канада Англияның иелiгiнде қалды.
Конституциясының қабылдануы
1787 жылдың жазында барлық штаттардың съезiнде федералдық Конституция қабылданды. Оның жобасын дайындауға Дж. Вашингтон, Б.Франклин, А.Гамильтон, Дж.Мэдисон қатысты. Конституция одақтас мемлекет құрды, штаттар өзiн-өзi басқаруын сақтап калды. Заң шығару өкiлдер және сенаттан тұратын екi палаталы Конгреске берiлдi. Атқарушы билік президентке берiлдi. Ол министрлердi тағайындап, қарулы күштердiң қолбасшысы болды. Жоғарғы сот құрылды. Қара нәсiлдiлердi құлдыққа алу заңдастырылды.
1789 жылы Конгресс сайлауы болып, Д. Вашингтон (1789-1797) АҚШ-тың тұңғыш президентi атанды.
1791 жылы Конгресс сөз, баспасез, жиналыс және петиция құқығына, жекебасқа, тұрғын үйге қолсұқпаушылық, қылмыстық істер бойынша азаматтық қорғау соттарын енгізу туралы конституцияға 10 түрлі өзгерістер енгiзуге мәжбүр болды. АҚШ тарихына бұл өзгерістер “Адам құкығы туралы
билль” деген атпен ендi. Конституцияга енгiзiлген бұл өзгерістердің прогрессивті ықпалы болды және бұл АҚШ халқының iрi жетiстiктерiнiң бірі.